Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанболат пен Жазираның ажырасып кеткенін естіген тыңдарманы қатты жылап қалған

Әнші Жазира Байырбекова өзіне тыңдармандарының бірінің жіберген хатын көрсетті. Тыңдарманы әншіге күйеуі екеуінің ажырасып кеткенін естігенде қатты жылағанын жазған, деп жазады Stan.kz.

Жанболат-Жазира

«Алла ұзақ ғұмыр берсін сіздерге. Сіздердің ажырасқандарыңыз туралы жалған ақпарат тарағанда, бейнебаяндарыңыздың бәрін көріп, әндеріңізді тыңдап қатты жыладым. Содан кейін жалған екенін білгенімде қалай қуанғанымды білсеңіздер ғой. Сіздерді қатты жақсы көремін», -деп жазған Жанболат пен Жазираның тыңдарманы.

 

Өз кезегінде Жазира өзінің өмірі үшін алаңдаған тыңдарманына тәнті болып, сыйлық жасады.

«Сыртымыздан шынайы тілекші болып жүргендеріңізге Алланың нұры жаусын!
Бүгін инстадостарымның арасынан осы xаттың иесіне  шын көңіліммен сыйлық ұсынғым келді», – деп жазды Жазира Байырбекова.

Ол тыңдарманына сұлулық салонында тегін процедуралар жасатуды ұсынды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау