Жанболат пен Жазира Шымберген Сүйлейменовтің халіне алаңдаулы

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 10:22

Қазақ эстрадасындағы танымал жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира ақын, компазитор, жуырда жол апатына түсіп қалған Шымберген Сүлейменовтың жағдайына алаңдаушылық білдірді.

photo_87856

Бұл туралы әншілер Инстаграмдағы парақшаларында жазды.

“Шымберген Сүлейменовтің xалін біліп, өз көзімізбен көру үшін бүгін Тараздағы ауруxанаға соқтық. Халыққа қызмет етіп, кеше ғана шапқылап жүрген азаматтың ауыр xалде жатқанын көріп жаным ауырып отыр. Сіздерден де сұрарым жазылып, өзіне келуін тілеңіздерші. Шымбергеннің өлеңдерін, тарап кеткен қалжыңдарын білсеңіздер осы жерге жаза отырыңыздар. Мүмкін оның туындыларынан кітап шығаратын адам табылса, көмектеріңіз тиіп қалар. Шакең жазылып өзіне келгенде кітабы да шығып жатса, еміне ем қосыла ма деген ойым ғой”, – деп жазды жұлдызды жұп.

Жазбаның астына пікір қалдырушылар да ақынның амандығын тілеп, дұға етуде.

Ақындығымен де, компазиторлық өнерімен де халыққа кеңінен танылған Шымберген Сүлейменовтың әндерін еліміздің Жанболат пен Жазира, Төреғали Төреәлі, Ернар Айдар, Таңат Мамырханұлы тағы да басқа эстрада жұлдыздары орындайды.

Компазитор осыдан біраз уақыт бұрын Тараз өңірінде жол апатына ұшырап, ауруханаға түсіп қалған еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар