Жанболат пен Жазира шетелдің әнін ұрлап, авторлықты қазақ азаматына берді деп айыпталды

Жанболат пен Жазираның басы дауға қалды. Өнерде де, өмірде де қол ұстасып жүрген жұп шетелдің әнін рұқсатсыз орындап, плагиат жасады деп айыпталды. Қоғам белсендісі, қазақ тілі мәселесін көтеріп жүрген түрік азаматы Оғыз Доған отбасылық дуэтке ренішін жеткізді. 

Жанболат пен Жазира шетелдің әнін ұрлап, авторлықты қазақ азаматына берді деп айыпталды

Бұл туралы Stan.kz "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Экранда композитор деген жазуды көргенде таңғалдым. Өйткені біз білеміз, бұл түріктің әні емес. Фисун Онал мен Эмиль Сайин бұны 70-жылдардан бері орындап келсе де, бұл Хадзидакис деген атақты грек композиторының әні болатын. Бірақ Шалабаев деген композитордың атын көргенде таңғалдым",-  дейді Оғыз Доған.

Айтуына қарағанда, отбасылық жұп түрік елінде кеңінен танымал Senden baska атты әнді орындап қана қоймай, оның авторы ретінде басқа азаматты атап жүр. Авторы ретінде түпнұсқаға еш қатысы жоқ Бақыт Шалабаевты көрсеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде достарымен бөліскен Оғыз Доған кейіннен жұлдызды дуэттің өзіне хабарласқанын айтады. 

"Олар бұл жағдайды білмегенсіп, маған рақмет айтты. Осы өлеңнің шын авторын айтқаныңыз үшін алғыс білдірді", -дейді Оғыз Доған.

Доғанның сөзі өтіп кеткен бе, әлде басқа ма, ол жағы белгісіз, бұдан кейін отандық бағдарламалардың бірінше шырқалған бұл әннің авторы ретінде Әл-Фараби Бекарысұлы атап көрсетілген. 

"Өнер адамдары өмірдегі жүрегі ең сезімтал адамдар. Олардың шығарған әндері олардың балаларындай. Осындай өнер адамының ақшасын ұрлаған жаман ба, әлде туындысын ұрлаған жаман ба? Өте ұят деп есептеймін", - дейді Оғыз Доған. 

Қоғам белсендісі бұл туралы түрік ағайындарға тіс жармағанын айтады. Себебі екінші халқым деп санайтын қазақтарды ұятқа қалдырғысы келмейді екен. 

"Мен онсыз да бұл жағдайды түрікше парақшамда, түрік ағайындармен бөліскен жоқпын. Өйткені олар маған ертең айтпай ма: "Сен 20 жылдан бері мақтап келе жатқан қазақ әні, қазақ эстрадасы осы ма?" - деп. Қазір де құзырлы мекемелерге айтқым келеді, бұл Қазақстанды ұятқа қалдыратын жағдай, бұған жол бермеу керек. Ұрыны сөзбен тәрбиелей алмайсыз. Заңды қоясыз, ұрласаң жауабын бересің десең, ешкім ұрламайды", - дейді Оғыз Доған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр