Жанболат пен Жазира: Айқын мен Жұлдызға қарасаң, жаның ашып қиналып кетесің

Жақында Айқын Төлепберген жары Жұлдызды екінші мәрте бейнебаянға түсіріп, тағы да елді біраз шулатып алды. Тыңдарман қауым жас келіншегіне қайта-қайта жарнама жасап, бірінші әйелінің көңілін ойламаған Айқынға ашулы. Ал Жазира Байырбекова Айқын жаңа клипке алғашқы әйелін түсірді деп шатасып жүр.

Жұлдыз Өмірғали Айқынмен түскен архивтегі суреттерін жариялады (фото)

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Айқын бірінші әйелін бейнебаянға түсіріп жатса, ол әйеліне деген құрметі деп санаймын. Өйткені Айқын сахнаға шықпай тұрып танысқан, Айқынмен бірге осы күнге дейін барлық қиындық пен қуанышты бөлісіп келген өзінің сүйіп қосылған жары ғой. Мен оны әбестік деп санамаймын. Оның үстіне тәп-тәтті ұл мен қыз сыйлап отыр. Кез келген әйел оның орнына өзін қойып көрсе, сонда түсінеді деп ойлаймын”, – дейді Байырбекова ағынан жарылып.

Жазира бұл клипте Әселдің емес, Жұлдыздың бой көрсеткенін білгенде былай деп пікір білдірді:

“А Жұлдызды ма? Мен қайтадан бірінші әйелін түсіріп жатыр деп ойладым. Жұлдыз да өнер адамы болған соң, түсіруге тура келеді деп ойлаймын. Екеуінің бірге айтатын әндері бар. Жұлдыздың әрі қарай шығуына қолғабыс етіп отырған Айқын өзінің ер азаматқа тән міндетін орындап отыр деп ойлаймын”.

Ал Жанболат Ербатыров болса Айқын мен Жұлдызға қарағанда көңілінің құлазып қалатынын айтады. Себебі:

“Айқын мен Жұлдызға сырт көзбен қарағанда қиналып кетесің, жаның да ашып кетеді. Бірінші отбасы бар, екіншісі бар. Ана келін ренжіп жатыр ма екен деп қарайсың ғой. Енді өздері түсінетін болуы керек. Екі қыздың көңілін табу Айқынға да оңай емес”, – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр