Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жанболат пен Жазира 40-тан асқанда би билеп, елді таңғалдырмақ болды (видео)

Сахнадағы байсалды жұптардың бірі Жанболат пен Жазираның шығармашылығындағы тың өзгеріс. Бұған дейін дәстүрден сыр шертетін әндер мен ұлттық нақыштағы киіммен сахнадан көрініп келген жұп жаңаша бағытта өздерін сынап көрді, деп жазады Stan.kz.

 

Соңғы рет студент кездерінде би залын аттаған Жанболат пен Жазира халықты таңғалдыру үшін 40-тан асқан шақтарында хореографтан арнайы сабақ алған.

"Әртіс болғаннан кейін жан-жақты болу керек", - дейді жұлдызды жұп. 

"Сен үшін" бейнебаянында Жанболат пен Жазира би билеп, арнайы хореографиялық көрініске қатысқан. 
Сюжет бойынша, Жазира би үйірмесінің тұрақты қатысушысы, ал Жанболат жаңадан келген жас жігіт. Ол қойылым кезінде өмірдегі серігіне ғашық болады. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.


 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр