Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанартауда қамалып қалған жігіт аштан өлмес үшін бір апта бойы ара жеген

Огайо штатының тұрғыны Мэтью Матени бірнеше күнге достарына келді. Оның жолдастары таң атысымен жұмыстарына кетіп қалды. Ал жігіт болса олардың көлігін алып, Сент-Хелест жанартауының туристерге арналған соқпағымен жүріп өтуге шешім қабылдады. Турист табиғаттың сұлулығына тамсанамын деп жүріп, қалай адасып кеткенін де байқамады, деп жазады Stan.kz.

Жанартауда қамалып қалған жігіт аштан өлмес үшін бір апта бойы ара жеген

«Мен ол жердің көлі өте әдемі екендігі жайлы оқыған болатынмын. Сондықтан оны өз көзіммен көргім келді. Себебі, вулканда су қоймасының болуы өте сирек кездесетін құбылыс және ғажайып нәрсе. Мен серуендеп жүріп, соңында ғана адасып кеткенімді түсіндім. Оған қоса жолда аяғымнан шалынып құлап, жотамды ауырдым алдым. Бұл жағдай ол жерден шығуға екі есе кедергі келтірді»,-дейді жігіт.

Мэтью кешкі асқа келмегенде достары оны іздеп дабыл қақты. Олар жақын маңдағы елді мекендерді тексеріп жүрген полиция қызметкерлерін аяғынан тік көтерді. Бірақ, жігітті іздестіру шарасы сәтсіз болды. Дегенмен, полицейлер Subaru Outback жанартауын көріп қалып, жоғалған жігітті сол жерден іздеу керектігін түсінді. Осыдан кейін олар Мэтьюдің нақты орналасқан жерін анықтау үшін дрон мен тікұшақ пайдаланды.

Жанартауда қамалып қалған жігіт аштан өлмес үшін бір апта бойы ара жеген

«Мен бір апта бойы көмек күтіп отырдым. Аштықтан өлмеу үшін, ара мен орман жидектерін жеуге тура келді»,-дейді Мэтью Матени.

Бақытымызға орай, құтқарушылар Мэтьюді аман-есен тауып, ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер бір апта бойы жанартауда түнеген жігітті тексеріп шығып, оның жарақат алмағанын анықтады. Бір таңғаларлығы, Мэтью арамен тамақтанғаннан кейін оның бірде-бір ағзасына зиян келмеген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау