Жанар, ренжіме: Нұржан Керменбаев Дұғаловадан мықты қыз тапқанын мәлімдеді

Нұржан Керменбаев пен Жанар Дұғалованың дуэті алдағы уақытта жалғасын таппауы мүмкін. Себебі Нұржан “Мұның дұрыс болмады” әнін Жанардан да мықты айтатын қызды кезіктірген.

Жанар Дугалова, Нұржан Керменбаев

Фото: Instagram, коллаж Stan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Қара баланың” айтуынша, бұл қыз вокалдық қабілеті бойынша Жанарды басып озады. Нұржанның ойын аяқ астынан өзгерткен ару – “Қазақ аруы – 2018” байқауына Қырғызстанның атынан қатысқан сұлу. Керменбаев осы уақытқа дейін Дұғаловамен орындап келген әнді қырғыз қатысушысымен бірге байқауда орындаған.

Нұржан алдағы уақытта репертуарындағы әнін дәл осы қызбен айтқысы келетінін астарлап жеткізді.

“Жанар ренжімесін, бірақ Жанар Дұғаловадан да артық айтып шыққан сияқты. Көреміз! Жанар, расында да бұл сұхбатты көріп қалсаң ренжіп қалма! Бірақ расымен де солай. Өте талантты қыз екені көрініп тұр! Болашақта бұл қарындасымызбен де дуэт жазып қалатын шығармыз!” – дейді Керменбаев.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар