Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сиви сондай қарапайым": Бір велосипедке отырып алған жұлдыздар жұртты күлдірді (видео)

Белгілі әнші Сиви Махмұдидің ауылда велосипед айдап жүрген видеосы жұртты күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Гострөлдік сапармен елдегі ауылдарды аралап жүрген әнші әлеуметтік желідегі парақшасында велосипед айдаған видеосын жүктеді. Бейне жазбада Сиви Махмұдидің бала күнінде бұл көлікті жақсы ойнай алғанын байқауға болады. Жолдың жамандығы болмаса, өнер иесі велосипедті тамаша айдай алатын сияқты.

«Балалық шаққа бір саяxат» деп жазды Сиви Махмұди видеоның тұсына. 

Өзінің қисық жолда зорға жүргеніне қарамай әнші артына Жанар Хамитованы да мінгестіріп алды. Бейне жазбада Сивидің Жанарды шақырған дауысы анық естілді. Алайда өнер жолына қайта келуге ықпал еткен құрбысына Жанар бұл істе сенімділік танытпаған сыңайлы.

«Жанар, кел отыр велосипедпен жүргіземін», - деді Сиви.

Бұл бейне жазбаны көрген жұрт күлкіге қарық болып, әншіні мақтап жатты. 

«Велик тебе алады екенсің, көп қыздар білмейді. Жарайсың!», «Велосипед кішкентай ғой, бірақ сіз қарапайым екенсіз. Сізге жарасып тұр», «Жарайсың Сиви қарапайым бол!» - десті жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр