Әрленіп алыпты: Жанар Хамитова жаңа образымен жұртты таңқалдырды

Жанар Хамитова өзінің жаңа бейнесімен жұртты таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Жанар

Өнер иесі өзінің әлеуметтік желісіне бейнесін өзгертіп, әрленіп алған суретін жүктеді. Хамитова ханым енді үнемі осылай жүретінін айтып мақтанды. Көптеген уақыт бойы сахнадан көрінбеген әнші жақын арада тыңдармандарымен қайта қауышпақ. Халыққа өзін ерекше қырынан көрсеткісі келген өнер жұлдызы қызу дайындықты бастап кетті.

 

"Макияжым осындай болды, енді үнемі осылай жүретін боламын. Радик Заит рақмет саған. Сиви Махмұдиды күтіп отырмыз", - деп жазды Жанар Хамитова.

 

Желі қолданушылары әншінің суретінің тұсына түрлі пікір қалдырды. Енді бірі жаңа образы көңілінен шыққанын айтса, екіншілері жараспайтынын жарыса жазып жатты. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр