Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Дұғалова кішкентай жұлдыздың бала арманын орындады

Республика сарайында өткен «Бала дауысы» бірінші ұлттық балалар ән байқауында кішкентай жұлдыз Назиманың бала арманы орындалды.

20160515122201

Бұл туралы baistars.kz хабарлайды.

Өткен жылы «Bala Turkvizyion» байқауына қатысып, ерекше көзге түскен Назима Бейсанхан бір сөзінде «арманым Жанар Дұғаловамен дуэт айту» деген болатын.

«Бала дауысы» ұлттық ән байқауының салтанатты ашылу рәсімінде ол өзінің сүйікті әншісі Жанар Дұғаловамен «Құс жолы» әнін орындап, қалың көпшілікті ерекше күйге бөледі.

Жанар мен Назиманың дуэтін көрермен жақсы қабылдап, үлкен қошемет білдірді. Сондай-ақ бүгін «Бала дауысы» байқауының тәлімгерлері қай қалада іріктеу жүргізетіні анықталды. Байқау бастамашысы Әлия Назарбаеваның «Жандану Әлемі» қоры.

Жіберіп алмаңыз:

Депутат болмай қалған Жанар Дұғалова Америкаға аттанды

 

Талқылау