Өнер әлемінен емес: Жанар Айжанованың қызы сүйіктісі жайлы айтты

Жақында Жанар Айжанова ресми түрде ене атанып жатса таңғалмаңыз. Себебі жезтаңдай әншінің жалғыз қызы Айжұлдыз Адайбекова бой жетіп, сүйіктісін жолықтырыпты.

Жанар Айжанованың қызы сүйіктісі жайлы айтты

Бұл туралы Stan.kz “Алматы” арнасының “Әңгіме болсын” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айжұлдыздың айтуына қарағанда, оның сүйген жігіті өнер әлемінен емес. Бірақ ең бастысы мені түсінеді, дейді ол.

Бір қызығы, болашақ күйеу баласы жайлы Айжанованың өзі де білетін болып шықты. Ол тойдың ауылы алыс емес екенін мойындап, өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваны той мен құдалықтан қалдырмауға уәде берді.
Ал айдай сұлу Айжұлдыз сүйіктісінің бар екенін ашып айтқанымен, оның есімін жасырып қалды.

“Алға қарай жүгірмей-ақ қояйын, дегенмен әр қыз баланың басынан өтетін дүние деп ойлаймын. Сол себепті Алла бұйыртқан күні болар.

Әрине, анам біледі. Мен мұндай нәрселерді жасыратын адам емеспін, себебі анаммен кез келген тақырыпта құрбыдай сырласамын. Себебі ол – ана. Анасы ешқашан баласына жамандық ойламайды”, – деп ағынан жарылды Айжұлдыз.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар