Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Айжанованың қызы құрдастарын жұрттың пікіріне назар аудармауға шақырды (видео)

Айжұлдыз Адайбекова құрдастарын әрдайым жеңіске ұмтылуға шақырды. Мұнымен қатар, өгей әкесі мен анасына берген тәрбиелері үшін алғыс айтты.

image

Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз бүгінде ер жетіп, халыққа танылып үлгерді. Бірнеше телехикаяға түсіп, спортпен шұғылданады. Бет әрлеу саласында да тәжірибе жинаған. Ол өзінің құрдастарын жұрттың пікіріне қарамай алға ұмтылуға шақырды. Мұнымен қатар, әкесі мен анасына алғыс айтты.

Бойжеткен видео түсіріп, ол жерге өзінің жетістіктері таспаланған сәттерді кірістірген. “Сәлем, дос! Бұл мен – Айжұлдыз. Саған айтарым – ешқашан жеңілме! Тек алға қарай ұмтыл! Әр күніңді қуанышпен қарсы ал. Арманда, биіктен көрін. Жұрт не десе де, жүрегіңді тыңда! Себебі, ол сені ешқашан алдамайды”, – дейді Айжұлдыз Адайбекова.

Мұнымен қатар, өгей әкесінің туған әкесіндей қамқор болып жүргенін байқатты. Оларға берген тәрбиелері үшін алғыс айтты. “Бұл менің отбасым. Менің әкем. Мен сендер үшін жанымды беруге әзірмін. Аллаға рахмет! Сіз –  әлемдегі ең жақсы әкесіз!” – дейді ол.

Әншінің өзі де қызының есейгенін байқап, оның қуанышын бөлісуге асықты. “Баланың бой жеткенін осындайда байқайды екенсің. Өз қатар-құрбыларына құлаққағыс қылып айтып жатқаны ғой Айкошымның. Еліміздің болашағы – жастарымыз аман болсын!” – дейді Жанар Айжанова.

Желі қолданушылары әншінің қызының жақсы өсіп келе жатқанын айтып, оған алдағы өмірде өзіне лайық серіктің жолығуын тіледі.


Жіберіп алмаңыз:

Жанар Айжанова: Мен емес мені сынаған адамның өзі тозаққа түспекші (фото)

Лаңкестер шабуылдағанда Жанар Айжанова қызымен бірге Ақтөбеде болған

Жанар Айжанова қызын сұраған жігітті ұялтып тастады

Жанар Айжанованың қызы әкесінің суретін көрсетті

Талқылау