Жанар Айжанованың қызы күйсандықта ойнап жұртты қайран қалдырды (видео)

Әнші Жанар Айжанованың қызы актрисалық қырымен белгілі. Алайда ол күйсандықта шебер ойнап, жұртты өнерімен қайран қалдырды, деп жазады Stan.kz.

 

Айжұлдыз Адайбек Instagram-парақшасында 91 тобының орындауындағы әнді күйсандықта ойнаған видеосын жариялаған.

Өз сөзінде бойжеткен әуенді түйсікті ұғыну қабілеті арқылы күйсандықта ойнап отырғанын айтты.

Ал Айжұлдызды Жанар Айжанованың қызы әрі актриса ретінде білетін желі қолданушылары оның қабілеті мен дарындылығына тәнті болды.

«Керемет ойнайды екенсің, жарайсың. Қандай әсерлі әуен, тамаша орындау», – дейді пікір қалдырушылардың бірі.

«Жарайсың, жастарға үлгі боларлық қызсың. Анаң да – тамаша адам», – дейді екіншісі.

«Атыңа затың сай таңғажайып адамсың. Қандай өнерлісі. Жанар апамыздың қызы ретінде ғана білетін едім. Енді дарынды тұлға екеніңе де куә болдым», – дейді тағы бір желі қолданушысы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар