Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Айжанова студент кезіндегі суретін көрсетті (фото)

Әнші Жанар Айжанова желі қолданушыларын жастық шақтағы суреттерін көрсетіп қуантты.

image

Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желіде белсенділік танытатын жұлдыздардың бірі – әнші Жанар Айжанова. Күнделікті жаңалықтарын бөлісіп, тыңдармандарын түрлі жазбасымен қуантып отырады. Бұл жолы әнші жастық шағындағы суреттерін көрсетті.

Суреттің тұсына “Студенттік жылдар болуы керек. Бейтаныс адам жіберіпті” деп жазып қойған. Бұдан өзге әнші мектеп қабырғасындағы суретін бөлісті. Оны сыныптасы салып жіберген екен.

13561644_618810314959313_744574659_n

“Мен үшін тосынсый болды. Жасұлан сыныптасым салып жіберіпті. 6-сынып, өзім 11 жастамын”, – дейді ол. Суреттерді көрген желі қолданушылары жастық шақтағы Жанар Айжанованы қызы Айжұлдызға ұқсатты.

Олар “Айжұлдызға ұқсап қалған екенсіз”, “Үстіңіздегі әйгілі адидас қой”, “Қасыңыздағы жігіттер сол кездегі студенттер ме? Тым үлкен көрінеді екен”, “Бәрі мұрт қойып алса үлкен көрінбегенде”, “Жанар өте сұлусыз”, “Пай-пай 80 жылдар-ай десеңізші”, “Спорттық киімдерін айтсаңшы, шіркін” деген сынды пікірлер білдірген.


Жіберіп алмаңыз:

Жанар Айжанова: Мен емес мені сынаған адамның өзі тозаққа түспекші (фото)

Лаңкестер шабуылдағанда Жанар Айжанова қызымен бірге Ақтөбеде болған

Жанар Айжанованың қызы әкесінің суретін көрсетті

Болманов: Жанар екеуміз бір бөлмеде, бір көрпені жамылып жататын дос болғанбыз

Талқылау