Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Айжанова қызын ұзатқалы жатыр

Әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдызды ұзататынын айтты. Ал, күйеу жігіті жайлы Айжұлдыздың өзі не дейді?

Айжұлдыз телеэкран арқылы көшілікке актриса ретінде танылып жүр. Ол күйеу жігіті жайлы жаңалығын құпия сақтап қалды, деп хабарлайды «Алматы» арнасы.

“Алдағы уақытта кім екені белгілі болады. Ол менің өнер жолыма дұрыс қарайтын адам”, – деді актриса.

Ал, бұған дейін Айжұлдыз Айгүл Иманбаеваның ұлымен көңіл жарастырды деген қаңқу әңгіме тараған болатын. Бірақ Иманбаева мұның жалған екенін тағы еске салды.

Ол Жанар Айжановаға “құдалыққа қосуды ұмытпа” деп әзілдеді.

“Естіп отырсыздар, Айжұлдыз менің баламның бұрын тұрмысқа шыққалы жатыр”, – деді Айгүл Иманбаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау