Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Айжанова: әнші болатыныма анам сыйлаған домбыра кепіл болды

Танымал әнші Жанар Айжанова ақшаға да зат табылмайтын сонау қиын-қыстау замандағы отбасының жағдайын айтып берді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айжанова инстаграмдағы парақшасында: «Бiздiң бала кезiмiзде ақшаға зат табыла бермейтiн. Мына домбыраны марқұм анам тапсырыс берiп Алматыдан мен 3 класс оқып жүргенде 24 рубльға сатып әперген болатын. Қасымдағы Серiк ағаммен қосылып ән салатынбыз. Менiң әншi болатыныма оу баста кепiлдiк берген анашымның мынау мен үшiн баға жетпес сыйлығы болатын. Альбом ақтарып отырып тауып алдым», – деп жазды.

Желі қолданушылары домбыраның осы күнге дейін сақталған-сақталмағанын сұрап әлек болды. Сондай-ақ, Айжанованың бала күнгі суретіне оның жалғыз қызы Айжұлдызды ұқсатты. «Қызыңыз өзіңізден аумайды екен», «Айжұлдыз аузыңыздан түсіп қалғандай», – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Суретте Айжанованың қасында тұрған ағасы Серікті оқырмандар «А-студио» музыканты Байғали Серкебаевқа ұқсатты.

Аяжан есімді оқырман: «Сіз секілді асылдар қын түбінде жатпайды», – десе, Гүлмира есімді желі қолданушысы: «Ана деген баға жетпес асыл жан. Баласы үшін алып берген анаңыз білген ғой сіздің әнші болатыныңызды. Сіз де анаңызға дәлелдеп, қазір атақты әншісіз», – деп пікірін білдірген.

Жіберіп алмаңыз: 

Жанар Айжанованың қызы құрдастарын жұрттың пікіріне назар аудармауға шақырды (видео)

Жанар Айжанова студент кезіндегі суретін көрсетті (фото)

Жанар Айжанова: Мен емес мені сынаған адамның өзі тозаққа түспекші (фото)

Лаңкестер шабуылдағанда Жанар Айжанова қызымен бірге Ақтөбеде болған

Талқылау