Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде түнгі уақытта арақ-шарап сатқан сатушыға айыппұл салынды

Әдетте дүкеншілер қаншалықты көп сауда жасап, соншалықты ақша тапқысы келеді. Мәселе ақшаға тірелгенде сатушылар да заңдағы ережелерді бір сәт естен шығара тұрады.

тимсч

Сурет gorodkirov.ru

Бұл туралы Тумба хабарлайды.

Осындай жағдайлардың бірі Жаңаөзен қаласындағы “Нұрай” дүкенінде болған. Сатушы әйел түнгі сағат 01.00 шамасында “Қазақстан” коньягын сатқан. Ал біздегі заңнамаға сай 21.00-ден кейін алкогольді өнімдерді сатуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

Істі Жаңаөзен қалалық сот қараған. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

“Қалалық соттың шешімімен әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп айыпталған әйел ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200 бабы 3 бөлімі негізінде 10 АЕК (21 210 теңге) айыппұл төлейтін болды.

Талқылау