Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы бас көтерді

Жаңаөзенде мұнайшылар наразылық білдіруде. Олар кәсіподақ ұйымының басшысының қызметтен кетуін талап етіп отыр. Сондықтан 4 күннен бері екі сағаттан өндірісті әдейі тоқтатқан. Мұнайшылардың айтуынша, құқықтарын қорғауға міндетті кәсіподақ ұйымының басшысы керсінше жұмысшыларды қудалап отырған көрінеді. Онымен қоймай ай сайын түсетін жарнаның да есебін ешкімге көрсетпейді екен,-деп жазды КТК арнасы.

мұнайшыыыыыыы

«Бұрғылау» компаниясында жұмысы әдетте таңғы жетіде басталады. Бірақ төрт күненен бері мұнайшылар екі сағатқа кешігетінді шығарған. Өйткені, осы уақыт аралығында наразылық ұйымдастырып, талаптарын басшыларына жеткізуге тырысып жүр.

«Жыл басынан бастап 68 адамды жұмыстан босатып отыр. Қудалау жасауларын қояр емес»,-дейді мұнайшы Бекболат Берекет.

Мұнайшылар компаниядағы кәсіподақ ұйымы жетекшісін ауысырып қана қоймай,жұмысшыларды қуадалауды тоқтатуды сұрап отыр. Мұны естіген «Бұрғылаудың» басшысы Асхат Сариев алғашқыда сотқа берем деп қорқытқанымен, артынан сабасына түсті.

-Ертең сізді сотқа берем.
-Мен де сізді сотқа берем.
-Берсейші енді. Беріңіз. Әркімнің құқығы бар.

Мұнайшылар төрт күн бойына шағымдарын жеткізу үшін аймақтағы барлық құзырлы органдарға хабарласқан. Тіпті, Жаңаөзен әкімдігіне бірнеше мәрте бас сұғыпыты. Бірақ ондағылар дауға араласа алмаймыз деп отыр.

«Мекеменің ішкі шаруасына араласа алмаймыз ғой. Міне, түсіндіруге келіп тұр. Сұрақтарыңызды беріңдер»,-дейді Жаңаөзен қаласының әкімі Исахан Сағынбаев.

Мұнайшылардың көңілінен шықпаған кәсіподақ ұйымы төрағасын компаниядағылар таба алмады. Демалысқа шығып кетіпті. Дегенмен, осы ұйымды қадағалайтын орталық басшылары оның сыртынан да сайлау өткізуге болатынан айтып отыр.
«Біз жақсы білеміз жағдайды. Облыстық кәсіподақ жұмысшылардың мүддесін қорғайды. Айттым ғой сіздерге. Ендігіде заңды түрде конференция өткізу керекпіз. Тыңдап алыңыздар. Асықпаңыздар»,-дейді Маңғыстау облыстық кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Мержан Тұманов.

Енді конференция өткізу үшін компаниядағы мұнайшылардың жартысынан көбінен қол жинау керек. Сондай-ақ наразы топ сол жиналыста ай сайын түсетін жарнаның да есібін сұрамақ. Өйткені жалақыдан жырып әрбірі екі мың теңге беріп отыр. Ал осы күнге дейін оның сұрауы болмапты.

Талқылау