Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде 7-сынып оқушысы әкесінің “Лэнд-Крузерін” айдаймын деп басы бәлеге қалды

Жаңаөзенде оқушы әкесінің қымбат көлігін рұқсатсыз айдап кеткен, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

7-сынып оқушысы өзі қатарластарын ертіп алып, түнгі уақытта көлікпен қыдырған. Олар өздерін видеоға түсіріп, желіге салған.

“Өз жолыңмен жүр, е, өз жолыңмен жүр!”, – дейді оқушы видеода.

Осыдан соң полицейлердің құрығына түсті. Ол мұнайшының ұлы болып шықты. Ұлының әрекеті үшін ата-анасына 25 мың теңге айыппұл салынды. Оқушыға ескерту айтылды.

Оқушы көлік белігін тақпай, әрі құжатсыз көлікті айдап кеткен.

Тағы да оқыңыз:

Биыл ҰБТ-ға қатысты түлектерге көмек болатын бірнеше жеңілдіктер енгізіледі

Атырауда лифтіден құлап қаза болған екі оқушы таныстарының үйіне ауызашарға барған

Қазақстандық екі әйелдің төсінен паразитті құрт табылды

Астана тұрғындары: Түні бойы айналаны елестер кезіп, лифтімен кіріп-шыққаны анық байқалады

Талқылау