Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзен балабақшасында бірнеше бала бір кереуетке жатып, ыдыс-аяқтарды кезектесіп тұтынып жүр (видео)

Маңғыстау облысының тұрғындары әлеуметтік желіге балабақшалардың біріндегі жетіспеушілік туралы фото, видео материалдар жариялаған.

8555

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Онда екі бала бірігіп бір кереуетке жатады. Сонымен қатар, видеодағы кадрлардан асханада ыдыстардың да жетіспеушілігі байқалады. Онда сол жердегі тәрбиеші әйел балабақша проблемасы туралы айтып жатады.

“Мен балаларға қарап, соңдарын жинап, оларды ойнатамын, ал маған шағым айтады. Біресе кереует жетпейді, біресе ыдыс-аяқ жоқ”, – дейді әйел.

Бұған қатысты мекеме қызметкерлері мардымды жауап бермеген. Қазір бұл жағдайды Жаңаөзен прокуратурасы өз бақылауына алған көрінеді. Прокурордың айтуынша аталған видео Жаңаөзен қаласындағы №13 “Ақмарал” балабақшасында түсірілген.

“Қазіргі кезде аталған факті бойынша Жаңаөзен қалалық прокуратурасы облыстық білім саласы бойынша бақылау департаментіне шара қабылдау туралы талабымызды жібердік”, – деді прокуратура.

Оқи отырыңыз:

Бөгдепланеталықтардың ізі қалған Қазақстандағы Стоундхендж құпиялары

Анасына протез сұрап хат жазған 6-сынып оқушысы жұрттың жүрегін елжіретті

Қазақстан мейрахманаларында тамағын тауысып жемегендерге айыппұл салынатын болды

Алматыда бейтаныс адам банк кассирін тапаншамен қорқытып 65 млн теңгені алып кетті

Талқылау