Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңалық ашпақ болған жапондар 177 китті өлтіріп тастады

Жапонияда киттердің ішкі құрылысын зерттемек болған ғалымдар 177 алып су жануарын өлтірген.

Бұл туралы Channel NewsAsia хабарлайды.

Кит аулайтын кемеге кіші теңбіл бауырлы киттің 43 және сейвалдың 134 түрі алдырылған. Осыдан соң мамандар сүтқоректілердің асқазандарын зерттепті. Жапониялық ғалымдар жасалған жұмыс туралы халықаралық киттерді аулау комиссиясының алдында есеп беріп үлгерген.

Халықаралық конвенцияға сәйкес киттерді аулауға тыйым салынбаған. Алайда 1987 жылы қабылданған халықаралық келісімге сәйкес киттерді зерттеуді тек өлтіру арқылы жүзеге асыру керек. Жапония бірнеше рет заң аясында әрекет етіп жатырмыз дегенімен, құқық қорғаушылар бұл елді киттерді ет үшін аулайды деп айыптап отыр.

Оқи отырыңыз:

Украина мектептері оқушыларды тек украин тілінде оқытады

Мьянмадан қашқан рохинджалардың ахуалы қандай?

Өзін ашық геймін деп жариялаған шешен жігіті туралы репортаж пайда болды

Бүкіл отбасын асырап отырған 13 жастағы қырғыз қызы халықаралық сыйлыққа ұсынылды

Талқылау