Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңадан сайланған депутат Әлтаев: Әр балаға 20 мың теңге жетеді

Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, қазіргі уақытта мәжіліс депутаты Нұржан Алтаев Қазақстанда бір балаға 20 мың теңге беру жеткілікті екенін айтты.

Жаңадан сайланған депутат Әлтаев: Әр балаға 20 мың теңге жетеді

Кездесуден кейін журналистер жаңадан сайланған депутатқа “қиын кезеңде Еңбек министрлігінен кетіп қалған жоқсыз ба?” деген сұрақ қойды. Алтаев бұл жорамалдарды жоққа шығарып, бұрыннан депутаттар қатарына қосылғысы келіп жүргенін айтты.

“Алғаш рет 2004 жылы сайлауға түстім, ол кезде  республикадағы ең жас үміткер едім, өкінішке қарай, мен өтпедім. Екінші рет мен 2016 жылы сайлауға қатысып, резервтік тізімде болдым», – деді Әлтаев.

Еңбек министрлігінде жүктелген барлық міндеттемелерді орындады ма, жоқ па деп сұрағанда, Әлтаев: «Ия, тіпті одан да көп».

Сондай-ақ, журналистер Алтаевтың елдің көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету туралы пікірін сұрады. Бес баланың әкесі ай сайынғы отбасылық шығындарды айта алмады, себебі отбасылық қажеттіліктерге депутаттың әйелі айналысады екен.

«Менің ойымша, егер үнемдейтін болса, онда бір балаға айына 20 мың теңге жетеді. Менің ойымша, бұл мүмкін», – деді депутат.

Сонымен қатар, Нұржан Алтаев мәжіліс депутаты ретінде алатын жалақысын әлі білмейтінін айтты. Ол депутаттық пәтерге ауыспады,  екі бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау