БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдық сыйлықтардың ішіндегі кәмпиттер қауіпті болуы мүмкін

Балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтардың ішіндегі кәмпиттер қауіпті болуы мүмкін. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тексеріс барысында  дүкен сөрелерінен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тәттілерді анықталды. Мұндай бұзушылық еліміздің бірнеше өңірінде тіркелді.

Жаңа жылдық сыйлықтардың ішіндегі кәмпиттер қауіпті болуы мүмкін

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұл жерде өлешеніп сатылатын кәмпиттер туралы сөз болып отыр. Комитет төрағасы Жандарбек Бекшиннің сөзінше, мұндай тауарлар тәркіленген. Алайда жаға жылдық сыйлық қораптарына салынған кәмпиттер қауіпті болуы мүмкін. Комитет қызметкерлеріне оларды тексеру қиынға соғады. Сондықтан қазақстандықтарға кәмпитті сатып алғаннан кейін тексеруге кеңес берілді. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауар табылса, тиісті органдарға шағымдану керек.

«Адамдар көп баратын дүкендерден сатып алу керек. Себебі ол жерлерде бақылап отыратын және өзінің маркасын, брендін сақтауға тырысатын адамдар бар. Десе де сенген күннің өзінде, тексеру қажет. Жарамдылық мерзімі өткен тауар табылса, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өңірлік бөліміне шағымдану керек», – дейді бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр