Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылдық балалар сыйлығы үшін «Қарағанды кәмпиттеріне» айыппұл салынды

Қарағанды облысында балаларға арналған жаңа жылдық сыйлық жиынтықтарына сынама және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасалды.

шоколад

Сараптама нәтижесіне сәйкес, 10 зерттелген өнім сынамасынан микробиологиялық көрсеткіштері бойынша, 3 сәйкес емес сынама анықталды, деп хабарлады Қарағанды облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде.

Осылай, «Новогодняя шкатулка» №3-5 «С новым годом» (шығарылған күні 15.09.2015ж., «Конфеты Караганды» АҚ» өнімі) кәмпит жиынтығына алынған шоколадта микробты қауіпсіздік көрсеткіштері 3 есе жоғары екендіг анықталды.

«Хамле. Сладкая жизнь» кәмпит жиынтығының ( 01.08.2015ж. шығарылған «Хамле» ЖШС Ком, ЛТД) шоколадты кремді және өрік джемді бисквитінде микроб көрсеткіштері 3 есе жоғары болған.

«Веселый паравозик» кәмпиттер жиынтығындағы (шығарылған мерзімі 02.10.2015ж., «Рахат» АҚ өндірілген) зеңнің жоғарылағаны анықталды.

Өнімдердің қауіпсіздік талаптарына тиіс емес деректеріне сәйкес, жоғарыда көрсетілген өнімдерді сататын объектілерде жоспардан тыс тексерістер өткізілді, олардың нәтижесінде «ЛюдмилаKZ» ЖШС «Аян» супермаркетінде 79 280 тг (40АЕК) сомасында, «Продтовары-37» ЖШС 39640 тг сомасында (20 АЕК), сонымен қатар тиісті емес өнімдерді шағарушы «Конфеты Караганды» АҚ 237 840 тг (120 АЕК) сомасында айыппұлдар салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Талқылау