Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылды қарсы алу үшін ең қымбат қала белгілі болды

Жаңа жылды қарсы алу үшін Дубай ең қымбат қала болып шықты. Онда жаңа жылдық кеш өткізу үшін орта есеппен бір адамға БАӘ-нің 635 дирхамы (445 доллар) жұмсалады екен.

1357418639_dubai-new-years-eve-fireworks-2012-01

Бұл туралы Stan.kz Arabian Business-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші орында Нью-Йорк қаласы тұр. Мұнда саяхатшыларға 426 доллар жұмсауға тура келеді. Үшінші орында 312 доллармен Париж қаласы. Сондай-ақ, келесі бестікте Берлин мен Амстердам қалалары тұр.

Ең арзан қала – Эдинбург қаласы екен. Мұнда жаңа жылды қарсы алуға 195 доллар болса болғаны.

Мұндай айырмашылықтар АҚШ долларына байланысты өзгеретін БАӘ-нің дирхамына тікелей қатысты. БАӘ-нің дирхамы 2014 жылдың желтоқсан айындағы курспен салыстырғанда автралиялық доллар бағамынан 15 пайызға жоғарылаған.

14 желтоқсанда World Travel Awards нұсқасы бойынша 2015 жылдың ең үздік туристік қаласы  – Дубай деп танылған.

Сондай-ақ, Дубай қонақүйлері ресейліктер үшін қысқы мерзімге байланысты 30-40 пайыздық  жеңілдіктер жасаған еді. Алайда, соған қарамастан Дубайдағы Dubai Duty Free дүкенінің оператыры 2015 жылы ресейлік туристердің азаюына байланысты шығын 50 миллион доларға шықты деп есептеді.

Талқылау