Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап үш әлеуметтік көмектің орнына бірыңғай жәрдемақы төленбек

Үш әлеуметтік көмектің орнына біреу ғана. Жаңа жылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақының орнына бірыңғай жәрдемақы берілмек, деп хабарлайды КТК.

Бұл туралы бүгін Алматыға іссапармен келген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді. Тамара Дүйсенованың сөзіне сенсек, атаулы әлеуметтік көмек деген атқа ие болған бірыңғай жәрдемақының көлемі үш бірдей әлеуметтік көмектің қаржысын қосқандағыдан әлдеқайда жоғары болады.

Бірақ бұл барлығына бірдей төленбейді. Егер отбасында жұмыс жасындағы азамат болса және ол жұмысқа жарамды болса әлеуметтік көмек оларға тек шартты келісіммен ғана беріледі. Жеңілдіктердің барлығы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жасалатындықтан министр мекемелердің дайындығын да тексерді.

“Осы атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін және басқа да әлеуметтік көмекті алу үшін азаматтар үш түрлі құжатпен үш түрлі мекемеге бару керек болса енді тек бір мекеме әлеуметтік жұмыспен қамту мекемесіне бару керек деп айттық. Және жұмыспен қамту мекемесін қарадық. Олардың дайындығын қарадық. Ендігі жылы Алматы қаласы бойынша он екі жарым мыңдай азамат атаулы әлеуметтік көмекті алады”, – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Тағы да оқыңыз:

Дүйсенова қай зейнеткерлердің зейнетақысы екі есе өсетінін айтты

Утилизацияның екінші кезеңі басталды: Ескі көліктерге қанша ақша төлейді?

Елімізде көлікке «Ш» белгісін жабыстыру міндетті ме?

Талқылау