Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жылда жаңа тарифтер

 Бірер күннен соң қазақстандықтардың барлығы  жылу, жарық, тіпті ауыз суға дейін әлдеқайда жоғары бағамен төлейтін болады.

thumb-article-390x253-2a9f_143634364564

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Онсыз да жан – жағынан қысып келе жатқан қымбатшылықтан қарапайым халық әлден үнемдеуге көшкен.

Петропавлдық Алла Алеева жаңа жылда тарифтердің құны көтеріледі дегенді естіп, жағасын ұстағанын айтады. Өйткені жуырда ғана жылу құны өсетінін естіген ол, „бірден бірнеше коммуналдық қызмет бағасының көтерлетінін күтпеген едік„ – дейді. Сондықтан 2016 жылдың 1 қаңтарынан жарықтың бағасы да өссе қалтамыз коммуналдық қызметтерден ғана жұқаратын болды , -деп отыр.

«Жаңа жылдан ыстық су, жылу, оған қоса жарықтың бағасы өссе бұл қарапайым халық үшін өте ауыр тиеді. Тарифтерден қосылған бағаның орнына тамақ пен киім-кешектен үнемдеуіміз керек пе сонда? Дәрі-дәрмек, тамақ, киім бәріне қазір баға өскенін білесіздер», – дейді Петропавл қаласының тұрғыны  Алла Алеева.

Онсыз да жарықтың бағасы қымбат екенін айтып, қазір өте сирек қолданатын болған.  Ендігісі тек барлық жерге энергия үнемдеуші шамдарды қоюдан басқа амалы қалмағанын айтады.  Дегенмен табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары жарық пен жылу қызметін өсірмеу мүмкін емес дегенді айтады. Себебі, монополистер тарифтерді өсіру арқылы бірнеше миллиондаған шығындарын өтеу қажет екендігін айтқан.

«Субьект жарық құнын 7 пайызға көтеру туралы өтініш білдірген еді. Біз оны 5 жарым пайызға өсіруін ғана қанағаттандырдық. Енді қарапайым халық төлейтін сома киловатына 14 жарым теңгені құрайды», – дейді СҚО бойынша табиғи монополиялардыреттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бастығы Арман Өтегенов.

Бұған қоса, жарық құны 2016 жылы тағы да көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Өйткені монополистер жылына бірнеше рет тариф құнын көтергісі келсе өз еріктері дейді. Ал біз сұрап көрген кейбір адамдардың пікірінше,   тарифтердің бағасы жыл санап өскенімен қызмет сапасы артқаны шамалы дейді.

Бір айта кетерлігі жарықтың бағасы соңғы бір жылда екі рет көтерілген, яғни жарты жыл сайын баға өсіп отырған. Оған қоса,жылу тарифі 2020 жылға дейін 70 пайызға өсетіні тағы бар. Ал бұған ұқсас жағдай еліміздің барлық өңірлерінде қайталанып отырғаны жасырын емес.

 

Талқылау