Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа Зеландияда 1000-нан астам бос жұмыс орындары бара қала бос тұр

Жаңа Зеландиядағы Кайтангат қаласында бос жұмыс орындары мен көптеген бос үйлер көп қала бар. Қазіргі таңда бұл қалада бар болғаны 800 адам тұрады.

рррр

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Қаладағы жағдай өте аянышты. Мұнда келген адамдар оңай үй алып, оған іргелес жатқан жерді небәрі 12 мың фунт стерлингке сатып ала алады. Ел билігі Кайтангатқа келемін деп тілек білдіргендерге арнап арнайы виза мәселесін де жеңілдетіп қойған.

Кайтангат мэрі Брайан Кадоган қалада қазіргі таңда 1000-нан астам бос жұмыс орыны бар дейді.

“Мен жұмыссыз болып, ақша керек еткен кезімде бәрін тастадым да Кайтангатқа кеттім. Бұл қала маған үлкен мүмкіндік берді. Қазір біз мұндай мүмкіндіктерді басқаларға да ұсынғымыз келеді”. – деді Брайан Кадоган.

Негізінен қолжетімді салалар ретінде ауыл және орман шаруашылығы, сондай-ақ туризм саласындағы жұмыстарды айтуға болады. Бірақ, арнайы сайтқа кіріп іздеймін деушілер электрик, құрылыс инженері, жергілікті колледжде менеджер және басқа да мамандықтар бойынша жұмыс таба алады.

Талқылау