Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туылған шақалақты жолға лақтырып тастаған әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатады

Көліктен лақтырылып тасталған нәрестенің әжесі ақыл-есі ауытқыған деп танылды, деп хабарлайды КТК.

bigstock-fingers-of-newborn-baby-63904933

53 жастағы әйел бір ай бойы өңірдегі жүйке аурулары диспансеріне қаралған. Сот-психиатриялық сараптамасы Бақыткүл Байсеңгерееваның бойынан күйзеліс пен кей ауытқушылықтарды анықтапты. Оған нақты көз жеткізу үшін арнайы орталыққа жіберу керек деген шешім шығарылған.

«Байсеңгерееваның психикалық жай-күйі анықтамағандықтан қылмыстық іс әлі сотқа жолданған жоқ. Егер оның ақыл есінің кемістігі бары расталса, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Дегенмен сот шешімен мәжбүрлеп емделуге жіберіледі», – дедi Жамбыл облыстық прокуратурасының екінші басқарма прокуроры Болат  Мұстафаев.

Демек, қатыгез келіншек заң аясында тиісті жазасын алуы керек. Қазір кепіл ақымен босатылған 21 жастағы әйел өз үйінде.

Оның психикалық ауытқушылығы жоқ делінгенімен, тергеушілер тағы сот-медициналық және биологиялық сараптаманың қорытындысын күтуде. Естеріңізге салсақ, биыл 3-ші қаңтарда күре жолдың бойындағы әжетханадан жаңа туған бала табылған еді. Артынша көкек ана ұсталды.

 

Талқылау