Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған нәресте медбикенің немқұрайлығынан аяғынан айырылды (видео)

Қытайдың Чжумадянь қаласындағы ауруханада дүниеге келгеніне төрт күн болған сәби медбикенің немқұрайдылығынан аяғынан айырылды. Медбике баланы жуындырғаннан кейін оның денесін шаш кептіргішпен құрғатып, тоққа сұғулы тұрған құрылғыны өшірместен баланың төсегінде қалдырып кеткен.

Жаңа туған нәресте медбикенің немқұрайлығынан аяғынан айырылды(видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Медбикенің әрекеті аурухана бөлмесінде орнатылған бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Видеодан нәрестенің тоққа қосулы шаш кептіргішпен ұзақ уақыт жатқанын көруге болады.

«Егер ол балаға назар аударып, шаш кептіргішті тез арада алып тастағанда, ұлым аяғынан айырылмай кішкентай күйікпен құтылушы еді», – дейді жарақат алған баланың әкесі.

Осының нәтижесінде бала қатты күйіп қалып, дәрігерлер оның аяғын кесуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, дәл сол төсекте жатқан тағы екі нәресте де зардап шеккен, бірақ олардың жарақаттары аса ауыр болмаған. Дәрігергер қалған екі нәрестенің денесіндегі күйіктерді дәрі-дәрмекпен емдеген екен.

Осы оқиғадан кейін балаға немқұрайлы қараған мейірбике мен оның әріптесі жұмыстан қуылды. Ал, клиника меңгерушісінің орынбасары баланың ата-анасынан кешірім сұрап, шамамен 95 мың доллар медициналық шығындарды төлеуге уәде берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау