Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа туған екі денелі «өрмекші» қозы жұртты шошытты

Аустралиядағы фермалардың бірінде екі денесі, сегіз аяғы, бір басы бар мутант-қозы туылды.

Жаңа туған екі денелі «өрмекші» қозы жұртты шошытты

Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кенгуру аралында тұратын фермер Эшли Бейтс өзінің қойларының бірі ұзақ уақыт бойы төлдей алмай жатқанын байқаған.

«Сақман кезінде қойларға қандай да бір көмек керектігін тексереміз. Біздің 5 мың қойымыз бар. Сондықтан бәрін қадағалау оңай емес. Алайда мұндай жағдайдың өзінде сол қойдың төлдей алмай қиналып жатқанын байқадық», – дейді Бейтс.

Бейтс қозының басынан тартып шығарғанда, оның сиам егіздері екенін түсінген.

«Бұл сирек кездесетін жағдай. Мен 65 жастамын. Өмірімнің 50 жылын фермада өткіздім. Алайда мұндайды алғаш көруім», – дейді фермер.

Ерекше қозы өлі туылған. Ал оның анасы аман қалыпты.

Ер адам қозыны суретке түсіріп алған. Алайда қандай да бір жұқпа жұқтырып алудан қорқып, қозыдан жылдам арылуға асыққан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау