Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жаңа толқынның» алғашқы кезеңінде “Сарын” тобы 9-шы орыннан көрінді  (видео)

Сочиде өтіп жатқан “Жаңа толқын” байқауының алғашқы кезеңі аяқталды. Қазақстанның намысын қорғап жатқан “Сарын” тобы алғашқы күннің нәтижесі бойынша 9-шы орында.

slide1_wPm2kdA

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

14128703_1098318076915037_2047069811_n

Ал украиналық Галина Безрук алғашқы күні ешкімге дес бермеді. Әділ-қазылардың 143 ұпайына ие болған әнші алғашқы орыннан көрінді.

Ал екінші орында әзірге көршілес қырғыз елінен қатысқан Нұрсұлтан Азықбаев тұр. Үшінші орын украиналық Анастасия Прудиус пен италиялық Вальтер Риччиге бұйырды.

Ал ел намысын қорғаған қазақстандық «Сарын» дуэті әзірге 131 ұпаймен 9-орында. Қазақстандық әншілер әйгілі “Сұлу мен құбыжық” кинокартинасының саундтрегі Beauty and the Beast әнін орындады. 

Байқаудың бірінші күнінде қатысушылар шетелдік фильмдерегі хит әндерді орындаған еді.

Әділқазылар алқасының құрамында: Игорь Николаев, Леонид Агутин; Валерия; Константин Меладзе; Валерий Меладзе; Филипп Киркоров, Ани Лорак; Анжелика Варум; грек композиторы Димитрис Контопулос; продюсер Виктор Дробыш; Юрий Антонов; «ГПМ Радио» бас директоры Юрий Костин; МУЗ — ТВ Ресей ұлттық музыкалық арнасының бас директоры— ТВ – Арман Дәулетияров бар. Қазылар алқасының төрағасы – ресейлік продюсер әрі композитор Игорь Крутой.

Айта кетейік, «Жаңа толқын» байқауының жүлде қоры 7 миллион рубльді құрайды.

Барлық қатысушылардың алғашқы күні жинаған ұпайлары:

Саша Захарик (Беларусь) — 135

Констанин Работов (Болгария) – 134

Алиса Данелия (Грузия) — 135

Георгий Надибаидзе (Грузия) – 139

Walter Ricci (Италия) — 142

“Сарын” дуэті (Қазақстан) — 131

Нұрсұлтан Азықбаев (Қырғызстан) — 142

Samanta Tina (Латвия) — 129

Brio Sonores тобы (Молдова) — 134

Галина Безрук (Украина) — 143

Анастасия Прудиус (Украина) — 140

Dino (Хорватия) — 139

Kristjan Kasearu (Эстония) — 123

N.E.V.A. тобы (Ресей) — 132

Денис Соколов (Ресей) — 139

Ясения (Ресей) – 137


Жіберіп алмаңыз: 

«Сарын» тобы “Жаңа толқын” байқауына аттанды

Жәнел Садуақас «Новая волна» байқауында үшінші орынды ұтты (Видео)

Талқылау