Жаңа оптикалық иллюзия желі қолданушыларының басын қатырды (видео)

Желі пайдаланушылары Жапонияның психология ғылымдарының профессоры Акиоши Китаоканың жасаған жаңа оптикалық иллюзиясын бағалады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа оптикалық иллюзия желі қолданушыларының басын қатырды (видео)

Twitter-де жарияланған видеодан бір парақ қағазды көруге болды. Онда қараңғы көлеңкені жарыққа өзгертетін қара градиент салынған. Китаока сондай-ақ, ақ параққа кішкентай сұр қағаз қойып, оны орталықтан біресе солға, біресе оңға қарай қозғай бастады. Оптикалық иллюзияны көрген көрермендерде қағаз орналасуына байланысты өзгереді деген түсінік қалыптасты.

«Жарықты қабылдау демонстрациясы», – деп жазды психолог видеоның астына.

Оның жазбасы 20 мыңнан астам ретвита мен 55 мыңға жуық лайк жинады. Китаоканың трюкі көптеген оқырмандарды таңғалдырды, бірақ олар оптикалық иллюзияны логикалық түрде түсіндіре алмады.

Кейінірек, профессор бұны “ми түсті түсіндіргеннен” кейін пайда болатын әсер деп түсіндірді. Түстер фонды қалай қабылдаса солай өзгереді. Яғни, жарық фонда алдыңғы бөліктегі зат қараңғы және керісінше болып көрінеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар