Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа өнімін таныстырған Apple 43 млрд доллар көлемінде шығынға ұшырады

22 қыркүйекте сатылымға шыққан Apple Watch Series 3 сағатының желіге қосылу қызметінен ақау шыққаны туралы ақпарат тараған соң, компания 43 млрд. доллар көлеміндегі шығынға ұшырады.

Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлайды.

Жуырда ғана Apple компаниясы жаңа Iphone 8 бен Iphone Х смартфонын жарыққа шығарып, жаңа өнімдерімен мақтанған болатын. Алайда соңғы бір апта ішінде Apple 43 млрд доллар шығынға ұшырады. Мұндай құлдырау соңғы 17 ай ішінде болмаған екен.

Мұнымен қатар, Iphone8 бен Iphone8 Plus смартфондарының кейбір әлсіз тұстары  анықталып, тұтынушылар күрт азайған. Оған смартфонның жаңа нұсқасының “Iphone 7-ден” көп айырмашылығының болмауы әсер еткен. Осы секілді көптеген фактордың әсерінен Apple нарығы 1,6%-ға құлдырады. Естеріңізге сала кетейік, Apple компаниясы 12 қыркүйек күні жаңа Iphone смартфонын таныстырған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Трамптың беделі түсті: 57% америкалықтар оның әрекеттеріне қарсы

Италиялық сәнгер Иванка Трампты ұрлық жасады деп айыптады

Мұғалім мектептің 30 мың доллар ақшасын казиноға тігіп, ұтылып қалған

“Мисс Түркия-2017” жеңімпазы етеккір туралы жазбасына бола тәжінен айырылды

Талқылау