Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде арнайы шахмат пәні пайда болады

Елімізде “Мектептегі шахмат” бағдарламасы аясында 36 мұғалім мен 20 психолог дайындықтан өткізілмек.

Безымянный

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.

Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық жоба аясында жұмыс істейтін педагогтар мен психологтар 29 мамырдан бастап Алматыда білімдерін жетілдірмек.

Жаңа бағдарлама академик Шахмардан Есенов атындағы ғылым-білім қорының және Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен Алматы, Қызылорда, Павлодар мектептерінде енгізілмек. Жобаға 1500 екінші сынып оқушылары тартылады.

2017 жылдың 1 қыркүйегінен Алматы, Қызылорда, Павлодар мектептеріндегі 18 мектептің сабақ кестесіне “Шахмат” пәні енгізіледі. Жобаның демеушісі академик Шахмардан Есенов атындағы ғылым-білім қоры. Бұл ұйым арнайы кластарды жабдықтайды: әр мектеп 20 шахмат тақтасы мен фигураларын, таныстырылым тақтасын, проектор мен экран, ноутбук, дыбыс күшейткіш, сондай-ақ, “Мектептегі шахмат” оқулығын, жұмыс дәптерлерін, мұғалімдерге арналған методикалық кітапшаларды алады.

“Бағдарлама бойынша оқыту аптасына 1 рет аталған мектептердің 2-сыныптары үшін жүргізіледі. Пилоттық жобадағы олардың саны 42. Оқулықтар кешенін біз мемлекеттік және орыс тілінде жасадық. Олардың авторлары – белгілі қазақстандық шахматшылар Флюра Хасанова мен Гүлмира Дәулетова”, – деді аталмыш қордың атқарушы директоры Айғаным Мәлішева.

Оқи отырыңыз:

Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Бұдан былай бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады

ОҚО-да 83 жастағы таксист қария жолаушылардың өз қалауымен берген ақшасын ғана алады

Талқылау