Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аса ірі көлемде пара алған Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасарына сот үкімі шықты

Жаңа лауазымға тағайындалғанына бір ай ғана болған Талдықорған қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Әсет Шаяхметов құрылыс компанияларынан қомақты мөлшерде пара алғаны үшін сотталды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Жаңа лауазымға тағайындала сала пара алған Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасарына сот үкімі шықты

Енді парамен ұсталған шенеуніктің мүлкі тәркіленіп және өмір бойына мемлекеттік органдарда қызмет етуіне тыйым салынды. Ал 12 жылға сотталған Шаяхметов жазасын ең жоғарғы қауіпсіздік колониясында өтейтін болады.

Талдықорған әкімінің бұрынғы орынбасарын «ірі көлемде пара алу» және «қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру» бабы бойынша соттады. Әкім орынбасары болып тағайындалғанына бір ай ғана болған Шаяхметов осы уақыттың ішінде 32 томдық қылмыстық іс жасап үлгерген. Тергеу барысында оның құрылыс компанияларынан 80 миллион теңге пара алғаны анықталды. Ақпаратқа сүйенсек, 11 құрылыс салушы шенеунікке осылайша алғыс білдірген көрінеді. Бірақ пара берушілердің есімдері құпия түрде қалды. Дегенмен, олар кінәларын бірден мойындап, тергеу жүргізуге келісті. Ал сотталған шенеуніктің қорғаушысы сотқа шашым түсіремекші.

«Жоғарғы сотқа шағым түсіреміз. Өйткені, біздің пікірімізше оған шамадан тыс жаза қолданылды. Осыған ұқсас қылмыстар үшін ең көп мөлшерде бұдан аз уақыт беріледі»,- дейді қорғаушы Ринат Баймолда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау