Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа латын әліпбиін құрастыру үшін қанша қаражат жұмсалды

Жоба авторлары латын тіліндегі мемлекеттік әліпбиді құрастыруға мемлекеттен қанша қаражат жұмсалғанын айтты.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

«Әліпбиді құрастыруға бірінші ретте де, екінші ретте де бюджеттен бір тиын бөлінген жоқ. Жұмыс тобының мүшесі Әлімхан Жүнісбек Алматыға келді. Оған іс-сапар ақшасы ғана беріледі. Ол үшін жұмыс тобының ешбірі жалақы алмаған. Біз жалақына өз жұмыс орнымыздан аламыз. Әліпби үшін ешкім премия берген жоқ. Бұл біздің күндегі міндетіміз. Ал ,аладағы уақытта қанша ақша бөлінетіні жайлы мен айта алмаймын», – дейді Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту жөніндегі республикалық координаторлық-әдістемелік орталықтың директоры Ербол Тілешов.

Бұл жұмыс тобы жақын күндері елбасыға қазақ тілінен латынға көшірген бірыңғай әліпби жобасын таныстырған еді.

Авторлар сынды ескере келе диграф пен апострофтарды қолданбауды жөн санады. Осылайша жаңа латын әліпбиінің нұсқасы бойынша 32 белгі бар. Бұл нұсқаға әлі де өзгерістер енуі мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Жамбыл облысында 21 жастағы жас ана үшемді өмірге әкелді

Қызылордада дәретханаға шыққысы келген баланы балабақша тәрбиешілері суық күнде далаға шығарып қойған

ОҚО-да мақта теруге барған жасөспірім мақта ішінде тұншығып өлді

Талқылау