Жаңа ҚР Білім және ғылым вице-министрі тағайындалды

Дүйсенбі, 29 Тамыз , 2016 12:13

Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жаңа тағайындалған Вице-министр Асланбек Амринді министрлік ұжымымен таныстырды,- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

вице

Асланбек Кемеңгерұлы Амрин 1982 жылдың 13 наурызында Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданына қарасты Смирнов ауылында дүниеге келді.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2003 ж., «Қаржы және аудит»), Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2006 ж., «Геоақпараттық жүйелер»), «Болашақ» бағдарламасымен University of Illinois at Urbana – Champaign, (2012 ж., «Технологияларды басқару») оқып бітірді.

2003-2005 жж. «KITEX» ЖШС жеке инновациялық компаниясында, «Жаңа технология мен материалдарды енгізу орталығы» ЖШС; «Қазақстандық инновациялық технология» АҚ еңбек етті.

2005-2010 жж. аралығында ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сарапшысы, индустриалды-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы және меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2015 жж. – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, 2015-2016 жж. – «TIMWE International» халықаралық телекоммуникациялық компанияның Қазақстан бойынша бас менеджері.

2016 жылдың 26 тамызында ҚР Үкіметі Қаулысымен ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Пенсия жасына толған жоғары Оқу орнындағы оқытушылармен бастык сымактарды орнынан босатса екен

  • Анонимно says:

    Жап жас министр қалай жұмыс істеп ел сеніміне кірер екен, аудандар ауылдағы білімдердің калай өтіп жатканы мұрнының ұшынада бармайд шығар

  • Анонимно says:

    Тагы жана министр. Бул не зан шыгарады екен. Сирактан буйрек шыгарып

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар