Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа білім және ғылым министрі Күлаш Шәмшиддинова: біз ол туралы не білеміз?

Күні кеше үкімет құрамын жаңартқан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым министрі етіп Күлаш Шәмшиддинованы тағайындаған болатын. Еңбек жолын химия пәнінің мұғалімі болып бастаған Күлаш Шәмшиддинованың үлкен саясат сахнасына келмей тұрғандағы қызмет жолы мен өмірі туралы Stan.kz шолуында.

Жаңа білімнің және министрі Күләш Шәмшидинова: ол туралы не білеміз?

1958 жылы 4 наурызда Талдықорған қаласы, қазіргі Көксу (бұрынғы Киров) ауданы, Еңбекші совхозының Бесқайнар деген шағын ауылында дүниеге келген. Әкесі мен анасы совхоз жұмысшысы болған.

Атасы Шәмшиддин мен апасы Гүлсім ашаршылық кезінде Талдықорғаннан сол Бесқайнарға көшіп барған. Атасы ерте қайтыс болып, әжесі Гүлсім балараларын өзі жетілдірген. Күлаш Шәмшиддинованың әкесі Фин соғысына қатысқан. Соғыстан 1946 жылы оралған соң үйленіп отау құрған.

Анасы 11 құрсақ көтергенімен екі баласы жастай шетінеп, тоғыз баланы бағып қаққан. Күлаш 5-ші бала. Өзінен үлкен 4 бауыры және өзінен кейін 4 бауыры бар. Жас кезінен тұйықтау болып өскен Күлаш өте тиянақты, бірбеткей, ұқыпты қыз болған.

6 жасында Бесқайнардағы мектепке жас жетпейді деп алмай, жекжаттарының ауылындағы сегізжылдық Шұбар мектеп-интернатында 8-сыныпқа дейін білім алады. Одан соң Алматы қаласындағы №4 мектеп-интернатында оқуын жалғастырады. Химия пәніне деген құлшыныс осы мектеп табалдырығында жүргенде басталған. Бұдан бөлек Күлаш Шәмшиддинованың мектепте жүргенде хорға қатысып, өлең айтқанын бірі білсе, бірі біле бермейді.

Қазіргі таңда Санкт-Петербургтағы Маринский театрында опера әншісі ретінде танылып жүрген Айгүл Шәмшиддинова Күлаш Шәмшиддинованың інісінің қызы. Балалық шағынан оқу-білімге құмар Күлаш Шәмшиддинова мектеп интернатын бітірген соң КазГУ-дағы химия факультетіне оқуға тапсырып түсе алмайды.

Ауылға кері қайтуға арланған ол  кешкі оқу бөліміне түсу үшін құжаттар жинайды. Оған оқуға түсу үшін жұмыс істейді деген анықтама керек болады. Оны еден жуушы қызметінде істейді деп өзі оқыған мектеп-интернатынан алдырады. Бақытына қарай дәл сол  уақытта химия факультеті 3 студенттің Мәскеуге оқуға ауысуына байланысты босаған орындарға басқа студенттерді қабылдайды. Оқу үздігі болып жүрген Күләш Шәмшиддинова сол бос орынның біріне ие болады. ЖОО-дағылар оқуға түскендігін хабарлау үшін мектеп-интернатқа хабарласқанда еден жуушы болып істемейтіндігі ашылып қалады. Осыдан соң оның үлкен өмірге алғашқы қадамдары басталады.

1979 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетін бітіреді. Дәл осы жылы химия пәнінен мұғалім болып Амангелді атындағы орта мектепте жұмыс істейді.

1981-1986 жылдар аралығында комсомолдық қызметте;

1986 жылы Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы;

1991 жылы Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы;

1991 жылы партиялық жұмыстарды аяқтап білім саласында ауысады;

1992 жылға дейін Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары;

1992 -1996 жылдары Талдықорған қаласындағы №18 Б.Жолбарсыұлы атындағы мектеп директорыны;

1996 жылдан бастап қалалық атқарушы органдарында қызмет етеді; 1996-2002 жылдар аралығында Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары;

2002 жылдың ақпан айынан ҚР Білім және ғылым министрлігінде вице-министр;

2005-2007 жылдары – «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының бас директор; 2007 ҚР білім және ғылым министрлігінде вице-министр;

2009-2019 жылдың ақпан айына дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы;

2019 жылдың 25 ақпанында Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

“Бақытым еңбекте” деп білетін Күлаш Шәмшиддинова саналы ғұмырын мемлекет жұмысына арнаған. Қазіргі таңда отбасын құрмаған. Достары мен құрбылары арасында үлкен абыройға ие ол отбасы құрмағанына еш өкінбейтінін, адал еңбек пен жан достарының арқасында өзін бақытты санайтынын айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, педагог Күлаш Шәмшиддинова білім және ғылым министрі болып елбасы жарлығымен бекітілген болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр