Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа әліпбиге көшкенде қазақстандықтардың есімін, ақшасын, құжаттарын ауыстыруына тура келеді

Елімізде латын әрпіне көшу мәселесі басты назарда болып отыр. Елбасы жылдың соңына дейін нақты бағдарлама жасауды тапсырды. Содан бастап шенеуніктер бастама көтеріп, ресми түрде мәлімдеме жасап жатыр, деп хабарлайды КТК.

1584540

«Жи», «ши» әріптері латынша«Z», «H» мен «S» деп жазылады. Жаңа әліпбиге көшкенде жарнамалар, құжаттар мен ақша, барлығы дерлік өзгетін болады. Есімді де латын әрпімен жазуға тура келеді. Қазақстан атауы «Q» әрпімен жазылады. Олимпиада ойындарында еліміз әдеттегіден кеш шығатын болады.

Латын әрпінің қай нұсқасы таңдалатыны әзірге белгісіз. Елбасымыз 2025 жылға дейін кириллицадан латын әрпіне көшуді тапсырды. Мамандардың бұған дейін де бірнеше нұсқа дайындағаны белгілі болды. Алайда олар жаңа әліпбиге көшудің оңай болмайтынын айтады.

«Біздің тілімізде орыс тілінен енген сөз көп. Оларды қазақ тіліне бейімдеп жаза алмаймыз. Латын тілінде жуандық және жіңішкелік белгісі болмайды. Ю, ё әріптері де болмайды. Жаңа әліпбиде әріп саны аз болады», – дейді Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының отрынбасары Анар Фазылжанова.

Шенеуніктер де латын әрпіне көшу мәселесіне пікір білдіріп жатыр. Тіпті, шетелдік лингвистердің өзі ойларын айтты.

«Бұл бастама бұған дейін де айтылды. Сол кездері арнайы топ құрылып, оған гуманитарлық институттар енді. Мамандар латын әрпіне көшкен Өзбекстан мен Әзірбайажан елінің тәжірибесін талдап көрді. Енді мамандар мен ғалымдардан топ құрамыз. Өзге елдердегі латын әрпіне көшу мәселесінің мән-жайын білетін мамандарды да шақырамыз», – дейді Білім және ғылым министрлігі комитетінің төрағасы Болатбек Әбдрәсілов.

Алдағы жылдары шенеуніктерге оқулықтар мен компьютерлік бағдарламаларды ауыстыру жұмысы тапсырылады. Бұл елімізде қанша уақытта жүзеге асатыны белгісіз. Үкімет қаражат пен барлық мүмкіндікті пайдаланып, жаңа әліпби нұсқасын дайынауы тиіс. Себебі елбасы жылдың соңында дайын нұсқаны тексеретінін айтқан болатын.

Тағы да оқыңыз:

Бас прокурор: Арнайы курстан өтпегендердің неке қиюына рұқсат бермеу керек

Шымкент тұрғыны жергілікті депутатты парақор деп айыптап видеоүндеу жазды

Талқылау