Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа ақпарат министрі желіде пайда болған аккаунт жайлы айтып берді

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде не себепті аккаунт ашылғанын түсіндіріп өтті.

13256111_107000473052020_3636821272729438330_n

Сурет Facebook желісінен алынды

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

«Бүгінде фейсбук-бірлестігі Қазақстан азаматтарының белсенділігін көрсететін айна іспетті. Мұнда небір өзекті мәселелер талқыланып жатады. Сондықтан, сіздермен бірлесе отырып, жұмыс істегенді жөн көрдік. Біздің министрлікке ақпарат кеңістігін, телекоммуникациялық нарық пен мемлекеттік қызметті дамыту сынды маңызды тапсырмалар енгізілді», – деп жазады министр.

Мұнымен қоса ақпарат министрі жұмысының маңызды бағыттары мен айқындылығын айтып өтті.

«Біз үшін әрбір Қазақстан азаматының жүргізіліп жатқан реформалар мен қабылданған заңдарды білуі, өзекті мәселелер бойынша қойылған сауалдарына мемлекет тарапынан жауап алуы аса маңызды. Ашық айту және есеп беру жұмысымыздың ең негізгі ұстанымы», – дейді Дәурен Абаев.

«Қазір біздің ведомство ұйымдастырылған тапсырмаларды шешіп жатыр. Алдағы уақытта біз өз жоспарымызды жариялай отырып, сіздердің ойларыңыз бен ұсыныстарыңызды қарастыратын боламыз. Осылайша бірлестігіміз нәтижесін көрсетеді деп ойлаймын», – деп жазады министр.

Жіберіп алмаңыз:

Дәурен Абаев Ақпарат және коммуникация министрі болып тағайындалды

Талқылау