Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа 20 долларлы банкнотта әйелдің суреті жарияланбақ

Жаңа 20 долларлы банкнотта құлдыққа қарсы шыққан афроамерикалық белсенді Гарриет Табменнің суреті жарияланбақ.

160420233421_tubman_624x351_afpwomenon20s_nocredit

Суреттер: bbc.com

Ол 100 жылдан бері америкалық банкноттарда жарияланған алғашқы әйел болмақ.

Бұған дейін бұрынғы бірінші леди Марта Вашингтонның суреті 1891-1896 жылдары аралығында шыққан 1 долларлы банкноттарда жарияланған. Үнді ханшайымы Покахантестің суреті 1865-1869 жылдардағы 20 долларлы банкноттарда шықты.

Өткен жылы елдің қаржы министрлігі 10 долларлы банкноттарда АҚШ-тың қаржы жүйесінің негізін қалаушы Александр Гамильтонның портретін бейнелеуді жоспарлап жатқанын мәлімдеген. Алайда, бұл бастаманы Америка қоғамы қабылдай алмады.

АҚШ-тың қаржы министрі Джек Льюдің мәлімдеуінше, 10 долларлы банкнотта Гамильтонның суреті сақталады, ал екінші бетінде әйел құқын қорғаушы көшбасшының суреті бейнеленеді.

5 долларлы банкнотта азаматтық құқық қозғалысының белсенділері жарияланады.

Гарриет Табмен 1820 жылы Мэриленд штатында құлдар отбасында өмірге келген. Ол 1849 жылы Солтүстікке қашып, құлдыққа қарсы күресуші аболиционистер қозғалысына араласады.

Безымянный

 

Табмен белсенділердің «Жерасты теміржолы» құпия желісі арқылы босқындардың солтүстік және Канадаға жетуіне көмектескен. Ол жеке өзі 70 құлдың азат етілуіне атсалысқан.

20 доллар банкнотта Гарриет Табменнің суретін жариялау мәселесі желі қолданушылар арасында қызу талқыға түсті.

Одан бөлек Элеанор Рузвельт, қара нәсілділердің азаматтық құқын қорғаушы Роза Паркс пен Вилма Мэнкиллердің суретін салу ұсыныстары айтылды.

Банкноттардың жаға үлгісі 2020 жылы шығады жеп жоспарланып отыр.

Талқылау