Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жан Ахмадиев жұртты шулатқан видео жайлы айтып берді

«Заманауи жырау» атымен танылған Жан Ахмадиев елді шошытқан видеосына қатысты түсініктеме берді. Оның сөзінше, видеодағы көрініс шынайы өмірде болмаған. Бұл – бар болғаны жақында жарыққа шығатын «Қазақпыз ғой-6» бейнебянының тизері екен.

5644bbaa3ea4eb2140e1de6c69592e50_resize_w_520_h_

Бұл туралы рэпер Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Жақында «Қазақпыз ғой-6» туындысын жарыққа шығарамыз. Бұл соған түсірілген тизер болатын. Біреулер видеоны қолды қылып, монтаждалмаған күйде желіге салып жіберген. Тима деген жігіт пікірін білу мақсатында досына жіберген сыңайлы. Адамдарға да қызық керек. Әлдебіреу YouTube-тағы парақшасының рейтингісін көтергісі келді ме, видеоны салып жіберген. Кейбір сайттар анық-қанығын білмей жатып, мұны жарыса жариялап жатыр», – деп бастады сөзін Жан Ахмадиев.

«Егер тизер болса, неге сонша былапыт сөздер айттыңыз? Шектен шықпауға болмас пе еді?» деген тілші сауалына рэпер:

«Өзге жағдайда халықты сендіре алмас едім. Мақсатым халыққа шынайы дүние ұсыну еді. Әрі режиссердің ойлап тапқан «креативі» осы», – деп жауап берді.

Рэпер видеодағы екі жігіт «Бақай» тобының әншілері екенін мойындады. Видеоны түсіріп тұрған орыс жігіт бейнебаян түсіру жұмыстарына атсалысып жүрген Нұржан есімді азамат екен.

Айтпақшы, танымал рэпер осындай оқиға шынайы өмірде қайталанған жағдайда, дәл сондай әрекетке баратынын мәлімдеді.

«Егер де бұл оқиға тизер емес, шын болған күннің өзінде, менің орнымда болған кез келген еркек тура мен сияқты істер еді. Себебі саған біреу «мамбет» деп айтса, үндемей қалу мүмкін емес. «Рэп шығарған жырау деп» мені сонша сынаудың өзі артық. Мен де адаммын, мен де пендемін. Менің де өзіндік мінезім бар», – дейді Ахмадиев.

«Ал шынайы өмірде де біреудің ауласына қоқыс тастап, бейәдепсіздікке барар ма едіңіз?» деген тілші сауалына:

«Жоқ, біреудің ауласында қоқыс тастайтындай ақымақ емеспіз ғой. Ол баланың тірлігі. Өзім темекі де шекпеймін. Ішімдікке жоламаймын, тіпті кола да ішпеймін. Ал тизерде темекінің қалдықтарын шашу керек болғандықтан аузыма алдым. Кезінде Павел Воля «Все будет офигенно» клипінің тизерінде дәретханада отырады. Біреулер оны «ән айт» деп ұрып-жығады. Ол да өтірік. Біз де сол сияқты жасайын дедік. Тек монтажсыз видео таралып кетті. Видеоның басында «Қазақпыз ғой-6» деген жазу шығып, артынша ұрыс-керіс болып, ол біткен соң режиссердің ойы бойынша «Жақында» деп шығып экран өшіп қалуы керек болатын», – деді рэпер.

Сонымен қатар, рэпер бұл туындысында батырдың екі түрін көрсеткісі келгенін айтты.

«Нағыз батыр және «көше батырын» көрсетейін дедім. Нағыз батырлар – Олимпиада жеңімпаздары. Ал ішіп-жеп, көшеде қуып жүретін, қарапайым адамдарға боқтап, балағаттап шығатындар өздерін өзінше бір «батыр» санайды. Осы орайда ондайларға «Шынайы батыр болсаң, Қазақстанның туын көкке көтермейсің ба?» дегенді жеткізгім келді. Яғни «батыр болсаң өзің үшін емес, елің үшін батыр бол» депайтқым келді», – деп түсіндірді «заманауи жырау».

Бейнебаян түсіру жұмыстары енді басталады. Соған қарамастан, рэпердің өзі беянебаян қыркүйектің 30-да шығады деп отыр. Сондай-ақ, Ахмадиев бейнебаянға түсуге Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен күміс жүлдегер Жазира Жаппарқұлды шақырғысы келетінін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

“Патриот” Жан Ахмадиев әдепсіздік көрсетіп “масқара” болды (видео)

Рэпер Жан Ахмадиев тағы да шулатты

Жан Ахмадиев енді “91” тобын жақтап шықты (видео)

 

 

 

 

Талқылау