Жәмилә Серкебаева күйеуінің опасыздығын кешіре беруден шаршағанын айтты

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 15:43

Өнерімен бүкіл залды баурап алатын Жәмилә Серкебаева өмірде қуанышты да, қайғыны да бастан кешкен. Ол өткен өмірінің қиын тұстарын өкінішпен еске алады. Өмір тағдыры қалай болмасын, бәрібір музыкамен байланысты болатынын айтады.

 jamilya_(3)

Бұл туралы pandaland.kz хабарлайды.

Концерваторияны бітірісімен оның мойнына музыка өнерінің қиын да қызықты жүгі ілінеді. Жеке өмір мәселесін ойлауға уақыт таппай бас алмай жұмыс істей береді. Алайда, бір күні скрипка шебері алғашқы жарымен кездейсоқ танысады.

«Мен бірінші күйеуіммен Француз елшілігінің шығармашылық кешінде таныстым. Ол сонда менің өнер көрсеткенімді байқаған екен. Маған ол ешкімге ұқсамайтындай, ерекше көрінді. Керемет көркем жігіт те емес. Қысқа бойлы, толық та емес, бірақ денелілеу келген итальяндық мафиоздарға көбірек ұқсайтын. Гүлдер сыйлады, әдемі сөздер айтты. Бірақ, маған бәрінен оның мені жұмысым бойынша алғаш көргені ұнады», – дейді скрипкашы.

«Мен ол үшін қуыршақ секілді едім. Ол мені әйел ретінде ғана емес, актриса ретінде де бірінші орынға қоятын. Екі жылдай кездесіп жүрдік. Бірақ, оның Франциядағы жұмысына байланысты айырылысуымызға тура келді. Біз екі елде жүріп хабарласып тұрдық. Ақыры, ол маған 3 айға билет алып беріп, сол елге баруымды өтінді. Сөйткен демалысымның соңы той жырымен аяқталды. Сөйтіп, мен Европа мен Қазақстан арасында қатынап жүрдім. Қазақ елін өте сағынатынмын».

«Мен ол елде де өзімді таныта білдім. Тыңдарманның күткенін де зор көңілдерінен шығып жүрдім. Бірақ, бұлай болмайтын болды. Мен өзге елде өмір сүре алмасымды түсіндім. Елдегі ата-анамды сағынам. Ал, күйеуімнің жұмысы елден елге ауысып жүру болды. Әр елде өнер көрсету маған қиын болды. Сондықтан мен елге қайтам деп шештім. Оған бұл әрекетімнің оңайға соқпағанын білем. Ол тіпті, ұлымен де араласпайды, – деп еске алады Жәмила.

Бірінші сәтсіз некесінен кейін актриса бар күш-жігерін қолға алып, қайта отбасын құруға бел байлайды.

«Екінші некеде күйеуім екеуміздің арамызда шынайылық болған жоқ. Өтірік айту, алдау, бір-бірімізге дөреке сөйлеу, қол көтеру сынды әрекеттер орын алды. Мен екінші некеде шығыс әйеліндей болғым келген. Бірінші некеде бастан аяқ европалықтарша өмір сүрдік десе де болады. Ал, кейінгісінде мен шығыстықтарға тән дәстүрді ұстандым».

«10 жыл ішінде оның опасыздығын да, алдауын да талай кешірдім. Ақыры, бұлай жалғаса беруге болмайтынына көзім жетті. Опасыздықты кешірудің қандай қиын екенін мен жақсы білем. Және ол қайталана берсе тіптен қиын».

«Қазір менің өмірімде бір жан бар. Бастысы ол мені сыйлай біледі, жақсы қарайды. Менің 10 жыл бойғы ұйқысыздығым қалпына келді. Өйткені екінші күйеуіміммен тұрып жүргенде мен 10 сағатқа дейін көз ілмейтінмін», – деп Жәмилә өткен күнін өкінішпен еске алады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар