Жамбылдықтар полиция қызметкерлеріне қарсы наразылық білдірді

Бейсенбі, 28 Сәуір , 2016 23:20

Жамбыл облысының тұрғындары полиция қызметкерлеріне қарсы наразылық білдіріп жатыр. Айтуларынша, бұқараны әбден басынған тәртіп сақшылары тұрғындарды шектен тыс қыспаққа алып барады. Тіпті, әкесінің жерінде жүргендей, жеке нысандарға ескертусіз қашасынан секіріп кіріп, тінту жүргізетін әдет шығарыпты.

жамбыллл

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары тәртіп сақшыларымен тіл табыса алмай-ақ қойдық», – дейді. Мәселен базар жағалап күн көрген бұл кәсіпкерлер жергілікті полиция қызметінің кейбір қызметкерлері нәпақымыздан айырғылары келетіндей дейді. Айтуларынша он жылдан бері осында сауда еткендерге ендігі жерде тауар шығаруға тыйым салыныпты. Ал есесіне Құлан ауылдық окугінің әкімі кәсіптерін жалғастыруға рұқсат беріпті.

«Ауыл әкімі келіп жолықты. Мен сіздерге рұқсат берем деді. Ешқандай қарсылығым жоқ деді. Тұра беріңіздер деді»,-дейді саудагер Айжан Нұрқожаева.

«Полицейлер мына жерден кетпесеңдер штраф деп жаздыртқан. Ал енді, ертесі күні келіп, осы актпен сразу айып төлейсіңдер деп мәжбүрлеп жатыр. Он мың теңге»,-дейді саудагер Ғалым Искаков.

-“Әкімдік жұрттың бұл жанайқайын жақсы түсінеді және бұл орындар жабайы базарға жатпайды”, – дейді.

Ал халық түсіріп алған бейнекөріністегі жағдай тұрғындарды орынсыз түртпектеу деп түсіндірді. Жаппай айып салып, жұртты дүрліктірмей, түсіндіру жұмыстарын жүргізгенде дұрыс болар еді,- дейді.

«Әкімшілік тарапынан бізге не қатынас хат беріп, не бірге баруымыз керек пе еді? Халықпен сөйлесіп. Бірден бас салып сендерді өйтеміз-бүйтеміз, штраф саламыз деген ол.. бала-шағасын асырап жүрген адамдар ғой. Кәсіпкерлер. Бәленше отбасы бар қанша дегенмен деп ойлаймыз. Ал ол кісілер неге сүйенгенін білмейміз»,-Құлан ауылдық округі әкімінің орынбасары Оразхан Ибраев.

«Тау самалы» демалыс орталығына бір топ полицияның ешкімге ескертпей келуі де көптің үрейін ұшырған. Есіктен емес, қоршаудан түсіп, еш ескертпестен емін-еркін үйді қарап шыққан полициейлер, мұндағыларға не болып жатқанын айтуды артық санады дейді тұрғындар.

«Қағаздарыңды көрсетіңдер, прокуратураның қағазы бар ма деп едік бізге қағаздың қажеті жоқ деді. Бізге не шарамен келгенін түсінбедік»,-дейді «тау Самал» демалыс орталығының жетекшісі Құралай Үскінбаева.

Ал тұрғындардың жобалауынша, тәртіп сақшылары «Тау самалы» демалыс орнында болуы мүмкін заңсыз құрылыс жұмыстарына тартылған Өзбекстан азаматтарын іздеулері мүмкін. Және әзірге полиция қызметкерлерінің нысанға кіру үшін прокуратурадан неліктен рұқсат қағаз алмағандары да түсініксіз.

Ал түсіру тобына жағдайды түсіндіруге екі сағат күткізген ішкі істер бөлімінің бастығы, жеме-жемге келгенде бұл ниетінен айнып қалды. Екінші күні де сұхбат беруден бас тартты. Ал кәсіпкерлер тыныштық бермеген тәртіп сақшыларына қатысты арызын бас прокуратураға жолдап қойды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар