Жамбылдық студенттер ауруды емдейтін киім ойлап тапты

Жамбылдық студенттер бел ауруларын емдейтін киім ойлап тапты. Жас ғалымдардың жобасын жүзеге асыратын демеушілер табылса, радикулит, артрит сынды сырқаттардан құлан таза айығуға болады. Көптің қызығушылығын оятқан жоба Тұңғыш Президенті қоры ұйымдастырған «Болашақ ғалымдар» ғылыми байқауында үздік деп танылған, деп хабарлады КТК арнасы.

Жамбылдық студенттер ауруды емдейтін киім ойлап тапты

Ал жеңімпаздарды қор басшылығының өзі Таразға арнайы келіп марапаттады.

Таразда Тұңғыш Президент қоры басшылығының қатысуымен –өткен ресми кездесулерде Жамбыл облысы әкімінің орынбасарымен жастар саясатын дамыту сынды мәселелер талқыланды. Осы басқосуда студенттерге коммерциялық емес ұйымның мақсат-мүддесі түсіндірілді.

“Қордың келген өкілдері қордың ісін, шығармашыл жастарды қолдау, Жамбылдың, Қазақстанның жастарын қолдау. Қормен қалай жұмыс істеуге болатынын таныстыру үшін келіп отыр. Және де IT саласында өткізіліп жатқан көптеген шаралармен таныстырып, кеңінен тарату мақсатымен келіп отырмыз”, – дейді Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов.

Сұлтан Айтжановтың айтуынша, қазіргі қоғам ақпараттық технологияға тәуелді. Сондықтан жастар IT-саласының тілін еркін білуі қажет. Табыстың кілті де – сонда. Сол себепті Қор «Блокчейн» цифрлық марафоны жобасын қолға алған. Соның аясында жер-жерлерде криптовалюта, майнинг, ICO сынды заманауи IT-трендтер бойынша шеберлік сағаттары жүріп жатыр.

“Бұл – қормен бірлескен жоба. Біз жастардың көзін ашқымыз келеді. Осыны үйрену арқылы, мол табысқа кенелуге болады. Бірақ жаңа технологияны үйрену үшін алдымен маман дайындау қажет. Соның негізінде студенттерді үйретіп жатырмыз. Жастардың ынтасы жақсы”, – дейді «FinTechGroup» компаниясының директоры Шоқан Құсайынов.

Сол ынталы жастар тың жаңалық ашты. Жергілікті оқу орынының екі студенті кәдімгі түйенің жүні мен зығыр талшығынан емдік қасиеті бар киім ойлап тапқан. Соны кеудеңе кию арқылы көптеген бел ауруынан арылуға болады дейді жас ғалымдар. Ал жоба Президнет қоры ұйымдастырған «Болашақ ғалымдар» байқауында үздік деп танылған.

“Мұны әлі бекіткен жоқ. Бірақ болшақта бекітеді, патент аламыз деп үміттеніп отырмыз. Егер патент алған жағдайда осындай емдік қасиеті бар бұйымда қолға алсақ дейміз”, – дейді студент Қымбат Аниярбекова.

Тұңғыш Президент қорының Жамбылдағы күндері аясында Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – Ұлы дала жауһарлары» атты фото көрмесі де көрсетілді. Ал астаналық делегацияның сапары Қазақстанның опера жұлдыздарының гала концертімен қорытындыланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар