Жамбылдағы түрік жұрты азалы отбасына барып, кешірім сұрады

Бейсенбі, 18 Ақпан , 2016 16:34

Жамбыл облысындағы түрік этномәдени орталығының басшылығы азалы отбасыға барып, кешірім сұрап, материалдық қолдау көрсеткен.

11073970
Бұл туралы Қазақстан-жаңалықтары сайтына Жамбыл облыстық түрік этномәдени орталығының басшысы Махмуджан Давширов хабарлаған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 15-ші ақпан күні Байзақ ауданына қарасты Бурыл ауылында, 2010 жылы туылған баланың өз үйінде азапталып өлтірілген денесі табылған еді. Болған жайт бойынша кәмелетке толмаған баланы қасақана өлтіру бабы бойынша іс қозғалған еді.

Күдікті келесі күні қолға түскен, ол бірден істеген қылмысын мойындаған еді. Қылмыс ұрының үйді тонауының кесірінен болғаны анықталған еді. Яғни күдікті сол үйге  бұйымдарын қолды ету мақсатында кіргені белгілі болған. Қазір осы іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалып, бірнеше тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ауыл халқы қанды қылмыстың әділ қаралуын талап етіп жаппай көшеге жиналған еді. Жергілікті әкімдік пен полиция елдің тыныштығын қатаң бақылауға алған.

ІІМ Қалмұханбет Қасымов Бурыл ауылындағы жағдайдың тұрақтанғаны жайлы хабарлаған еді. Қасымов өз сөзінде Бурыл ауылының әкімдігі мен полициясы жергілікті түрік диаспорасы елдің тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында барлық шараларды жасап жатқанын айтқан еді. Ол өз сөзінде қылмыстың астарын қазбалаудың керегі жоғын, тек тұрмыстық жағдайда орын алғанын айтқан еді.

«Біз қайғырып отырған отбасыға барып кешірім сұрадық, қажетінше материалдық көмек көрсеттік. Жерлеу рәсіміне біз ғана емес, ауыл болып көмек қолын созуда. Бұған дейін ешкім барып біреуді ұрған емес. Барлық жайтты әңгімелестік. Біздің қариялар ел алдына шығып сөйлеп, кешірім сұрады»,-дейді Махмуджан Давришев

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар