Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда жұртты гипноздап несие алдырып, жартысын өзіне алып отырған келіншек іздестірілуде

Жамбыл облысында 150-ден аса тұрғынды тақырға отырғызған келіншек іздестірілуде. Шағын несие беретін ұйымның өкілі Меркі ауданының осыншама жұртын сан соқтырып кеткен. Бұқара қалайша әйелдің арбауына түскенін түсінбей аң-таң. Әрқайсысы алған несиелерін оның қолына саналы түрде бір бөлігін санап беріпті. Енді не ақша, не адам жоқ зар илеп жүр,- деп хабарлайды ктк арнасы.

тараз алаяққ

Бұл басы дауға іліккен шағын несие беретін ұйым. Жұрттың айтуынша, мекеме сарапшысы Елмира Өтебаева 150-ден аса клиентті тақырға отырғызған. Яки, тұрғындарға несие әперіп, артынша сан-сылтаумен оны өзі сұрап алыпты. Алданғандар сарапшы несие алмауыңа жаныңды қоймайды дейді. Отбасылық жағдайын айтып, үйіңе, тіпті жұмысыңа іздеп келіп, өзі істейтін мекемеден несие ал деп жалынады екен.

«Әпке алыңызшы, құдай үшін алыңызшы, менің балам оқудан шығып қалатын болды. Маған 700 мың ақша, 200 мың анаған 300 мың мынаған деп кабинетімде жылап тұрды. Сосын мен айттым, маған ондай ақша шықпайды десем, жоқ әкпе мен бәрін өзім істеймін деп айтты. Сосын мен аяп кеттім, екі күш күн жылады ғой»,-дейді Меркі ауданының тұрғыны Гүлмира Тойшыбекова

Келісім бойынша сарапшы бөгде біреудің атына шығарған несиені өзі төлеуі тиіс немесе алған сомманың тең жарымын өзі қалғанын клиент қайтаратын болып уағдаласады. Бірақ, бұған дейін берешегін өтеп келген ол, жыл басынан ұшты-күйлі жоғалып, кассаға бір тиын да құйылмаған. Енді қарызға белшеден батқандар не істерін білмей бас қатырып жүр.
«Жалынды, білмеймін енді, бауырыма 10 мың теңге бермеймін, соған қалай беретінімізді түсінбеймін. Оның гипнозы ма магиясы бар. Ұстаса болды ғой, мысалы жалғыз мен емес қаншама халықты жылатып отыр»,-дейді Меркі ауданының тұрғыны Әлия Абданбаева.

Бұқара жалпы соммасы 50 млн. теңгенің алаяқтық операциясын сарапшының тек өзі жүргізуі мүмкін емес дейді. Сондықтан оның сыбайласын анықтау үшін несие беретін орталықты тексеруді талап етуде. Ал, ұйымның басшылығы қызметкері өрескел қателікті жібергенін мойындап отыр. Қазір оны жұмыстан босатып, тексеріс жүріп жатыр екен.

«Бұл жерде тек клиенттер жапа шеккен жоқ. Біздің де компанияның беделіне нұқсан келгелі тұр. Бұл кісілермен қанша жылдан бері жұмыс жасап келеміз, бір клиентті де жоғалтқымыз келмейді. Сондықтан бізде кінәлінің жазаға тартылуын қалаймыз»,-дейді «КМФ» Шағын несие беру ұйымы басшысының орынбасары Құрманбек Бимұрзаев

Адамдардың аңғалдығында шек жоқ. Ақшаны бөтенге өз қолдарымен санап беріп, өз аяқтарымен іздеп жүргендері қайран қалдырады. Енді жатқа әперген несиені қалай болғанда қайтаруға міндетті. Қазірге дейін 110 адамнан тәртіп сақшыларына арыз түсіпті. Оның саны күн сайын өсіп жатыр. Тергеу басталып, 48 жастағы келіншекке іздеу салынған.

Талқылау