Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда сот орындаушылары елге ескертпей 6 мың гектар жерге тыйым салған

Жамбылда сот орындаушыларының елге ескертпей, алты мың гектар жерге тыйым салуы тұрғындардың наразылығын тудырды.

???????????????????????????????????????????????

Сурет: ksprf.com 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алып алқаптан айрылғысы жоқ ауылдықтар аудан әкімдігінен араша сұрап айғайға басты. Жаппай жер дауына жалғасқан жағдай Меркі ауданындағы ірі серіктестіктің қожайыны мен туған құдасының арасындағы келіспеушіліктен басталған.

Жерге таласқандар сыпатайлықтар. Ел екі жылдан бері екіге бөлініп, жанжалдасып келеді. Араздасқан елге ақ жағалылар да ара ағайын боп көрген. Бірақ басылған ел байқалмайды. Серіктестік басшысының үстінен арызданған топтың негізінде сот орындаушылардың алты мың гектар жерге тыйым салуы жағдайды тіптен ушықтырып жіберді. Бір-бірін жұлып-жеген қос тарапты аудан әкімі тыңдап көрді. Бірақ бір мәмілеге келе алмады.

Бас – аяғы бір жарым жылда Сыпатай батыр серіктестігі басшылығына бес рет іс қозғалған. Бесеуінде де қылмыстық құрам табылмай тоқтатылған. Бірақ арызданушылар алған беттен қайтар емес. Биыл тағы бас прокуратураға шағым түсіріпті. Ендігі жерде қысқартылған істі қайта қаузап көрмек. Тоқтаусыз тексеріс пен бітіспес даудан жалыққан ел арызданушы топтың бұл әрекетінен шаршадық деп шуласты. Айқайға айналған жиынға ақсақалдар және қоғамдық кеңес мүшелері де араласып көрді.

Алайда Бекболат Шотбаев бастаған арызданушы тарап бір тоқтамға келген жоқ. Айтуларынша, Сыпатай батыр серіктестігінің басшысы халық мүлкін, табыс үлесін тек өзі ғана иемденіп отыр. Алайда осыған дейінгі болған бес тексерістің бірде-біреуінде бұл айтқаны анықталмапты. Себебін өзі былай түсіндіреді.

– “Өйткені,  ол тексергендердің бәрі соқыр тергеушілер болды. Жоғарыдан оларға біреулер команда беріп отырды. Былай істе, былай істе деп. Жамбылда заң жоқ”, – дейді Сыпатай батыр ауылының тұрғыны Бекболат Шотбаев.

Туған құдасының арызына ұшыраған Сыпатай батыр серіктестігінің басшысы бұл жағдайды «жеңілген жұдырыққа тоймайды» дегенге балайды. Ал сот орындаушылардың 205 тұрғынға тиесілі 6 мың гектар жеріне тыйым салуы тіптен заңсыз екеніне сенімді.

– “Халықтың жерін арестке қойдырды. Заңсыз деп отырғаным бұл мәселе 2006 жылғы сот шешімін орындамаған деген мәселемен арестке қойған. 2006 жылғы шешімде Сыпатай батырдың немесе басқарушы органның ешқандай міндеттемесі болған емес”, – дейді «Сыпатай батыр» ЖШС басшысы Қанат Шайхиев.

Қалай болғанда да бұл іске бас прокуратура нүкте қоймақ. Меркі ауданындағы даулы істің алтыншы сериясы осылай басталды.

Жіберіп алмаңыз:

Сенатта Жер кодексінің нормаларына мораторий жариялаған заң жобасы мақұлданды

Мырзахметов 10 сотық жерді беру мәселесіне қатысты түсініктеме берді

Талқылау