Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда полицей суға батып бара жатқан 4 жасар қызды құтқарды (фото)

Мойынқұм ауданында жергілікті полиция қызметінің  аға инспекторы, полиция майоры Талғат Кодеков суға батып бара жатқан 4 жасар қызды ажалдан құтқарды.

полиция1
Оқиға 27 сәуірде полиция қызметкері Мойынқұм аудандық орталығында ішкі істер бөлімінің ғимаратына жақындаған кезде болған. Жақын орналасқан терең арнаның қасынан өтіп бара жатқан ол «Жүз! Жүз!» деп қатты айқайлап жатқан дауыстарын естіп қалды.

полиция

Ол арнаның қасына жүгіріп келгенде, суға тұншығып, батып бара жатқан кішкентай қызды көріп қалды. Полиция майоры көп ойланбастан суға секіріп, бүлдіршінді жағаға алып шықты. «Жедел жәрдем» қызметін күтпестен, алғашқы медициналық көмек көрсете бастаған. Қыз бала одан кейін есін жиды. Бала шұғыл түрде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі кезде кәмелет жасқа жетпеген Томирис ем алу үшін балалар бөліміне ауыстырылды, оның денсаулығына еш қауіп жоқ.

полиция2

Аталған оқиғаны тексеру кезінде ойнап жүрген қыз бала арнаға абайсызда құлап кеткені анықталды. Кішкентай Томиристің ата-анасы полиция майоры Талғат Кодековқа қызының өмірін құтқарғаны үшін шексіз алғысын білдірді.

полиция3

Талқылау